$ 447.4  477.55  4.76

Зимбабве президенті ресми түрде отставкаға кетті

Зимбабвені соңғы 37 жыл бойы басқарып келген 93 жастағы Роберт Мугабе президенттіктен бас тартуға көгіп, өзінің отставкасын жариялады. Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеп отыр.

Елдің парламентариі де Мугабені мемлекет басынан кетіру туралы шешімді тек кеше қабылдап, экс-президентке елден кетуіне 1 тәулік уақыт берді.

Қазіргі таңда Зимбабве президенттігіне басты үміткерлердің бірі билеуші партия – "Зимбабве африкалық ұлттық одағы – Патриоттық фронт" партиясының өкілі әрі елдің вице-президенті Эммерсон Мнангагва.

Еске салайық, 15 қараша күні Зимбабвенің қарулы күштері ел президенті Роберт Мугабе мен қаржы министрі Игнейшуса Чомбоны ұстаған болатын. Әскерилер өздерінің төңкеріс жасамағанын, тек билікті бейбіт түрде Мугабеден алатындарын айтып, халықты көтеріліске шықпауға шақырған еді. Содан бері Зимбабве халқы диктатордан құтылғандарын тойлап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары