Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың Германиядағы отандастарымен кездесті. Алайда, басқосуға келген бір топ қырғыз оның кетуін талап етіп, экс-президентке жұмыртқа лақтырды деп жазады Sputnik Қырғызстан.
Ақаев жерлестерімен кездесуге 9 желтоқсан күні әйелі мен қызын ертіп келді. Іс-шараны KyrgyzClub–Germany қауымдастығы ұйымдастырды.
Қатысушылардың арасында бұрынғы президенттің қарсыластары да бар болып шықты, олар "Акаев кет" деп жазылған плакаттар ұстап келген. Кездесу әлеуметтік желіде тікелей эфирде таратылды.
Кадрда кей адамдар Ақаевтың сөзін бөліп, қырғызша сөйлеуін талап еткені көрінеді.
"Олай пәрмен бермеңіз. Сіз Қырғызстанда емес, демократиялық Германияда жүрсіз. Қай тілде сөйлегім келсе, сол тілде сөйлеймін", — деп жауап берді тұңғыш президент.
Сөзінің соңында ол кездесуге қатысушылармен қоштасқан, алайда оған кей адамдар сұрақ қоя бастайды. Ақаев ештеңе айтқым келмейді деп жауап берген.
Осы сәтте ер адам оған жұмыртқа лақтырған. Оны көрген бұрынғы президенттің қызы Бермет Ақаева жас жігітке келіп, полиция шақыратынын айтады. Әлгі жігіт оған әкесі жемқор екенін мәлімдейді. Жанжал барысында Бермет ер дамды сөмкесімен бірнеше ұрып жіберген.
Асқар Ақаев Қырғызстанды 1990-2005 жылдар аралығында басқарды. "Қызғалдақ" төңкерісі кезінде тақтан тайдырылып, елден қашып кетті.