Саясат 13.02.2018 сағат 09:37

Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болып тіркелді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Дархан Мыңбайды Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро қаулысымен тағайындалған Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткен. Онда Дархан Қамзабекұлына Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

Еске салайық, Дархан Мыңбай бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар