$ 494.87  520.65  4.91

Си Цзиньпин Қытай президенті болып қайта сайланды

Қытай парламенті – Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Си Цзиньпинді екінші бес жылдық мерзімге ел президенті етіп сайлады. Қытай коммунистік партиясы ұсынған оның кандидатурасын жасырын жолмен дауыс беруге қатысқан 2970 делегаттың бәрі қолдаған. Сонымен бірге Си Цзиньпинді Қытай орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметіне де қайта сайлаған.

Қытай басшысының орынбасарлығына бұған дейін Қытай компартиясында жемқорлыққа қарсы органды басқарған Ван Цишань сайланған.

Наурыздың 18-і күні Қытай үкіметінің жетекшісі, Жоғарғы сот пен прокуратура басшылары сайланбақ.

64 жастағы Си Цзиньпин Қытайды 2013 жылдан бері басқарып отыр. Жақында ел парламенті Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің Қытай конституциясына президент пен оның орынбасары қызметіне екі мерзімнен артқы сайлануға болмайтыны туралы шектеуді алып тастау туралы ұсынысын қолдап, заңға түзету енгізді. Бұл түзету Си Цзиньпинге Қытай басшылығына шексіз мерзімге сайлануына жол ашты.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары