$ 498.34  519.72  4.85

Түркия үкіметі отставкаға кетті

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган Ахмет Давутоглу үкіметінің отставкасын қабылдады.  

Өткен жексенбіде өткен парламенттік сайлауда Эрдоганның биліктегі партиясының көпшілік орынды жоғалтуына байланысты елде жаңа коалициялық үкімет құрылуы тиіс.

Күтілгендей, Эрдоган жаңа министрлер кабинетін жасақтауды 2014 жылдан бері Әділет және даму партиясын басқарып келе жатқан Ахмет Давутоглуға тапсырады.

Ал Түркияның қазіргі үкіметі өз міндетін жаңадан бекітілгенше атқара береді.

Түркия конституциясы егер коалициялық үкімет 45 күннің ішінде жасақталып бітпесе, жаңа сайлау өткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Би-би-си.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары