$ 494.87  520.65  4.91

Ресейге көңіл айтқан Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускты орыстар боқтап тастады

25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында ойын-сауық сауда орталығы өртеніп, 64 адам қаза тапқан болатын. Қайтыс болғандардың 41-і кішкентай балалар. Осынау қайғылы оқиғаға қатысты әлем лидерлері РФ президенті мен халқына қайғыра көңіл айтып жатыр. Олардың қатарында Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск те бар. Ол өзінің Twitter-парақшасы арқылы Ресей халқына көңіл айтты.

«Бүгін біз, еуропалықтар, Батыс Сібірдегі Кемерово қаласында болған алапат өрттің құрбандары үшін Ресей халқымен бірге қайғырып отырмыз. Біздің ойымыз бен жүрегіміз сіздермен бірге», - деп жазды Туск Twitter әлеуметтік желісінде.

Алайда, қайғыра көңіл айтқан Еуропалық кеңестің төрағасын ресейліктер боқтап-балағаттап тастады. Тусктың парақшасындағы осынау жазбаның астына пікір білдірген ондаған адам бейәдеп сөздер жазып қалдырыпты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары