25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында ойын-сауық сауда орталығы өртеніп, 64 адам қаза тапқан болатын. Қайтыс болғандардың 41-і кішкентай балалар. Осынау қайғылы оқиғаға қатысты әлем лидерлері РФ президенті мен халқына қайғыра көңіл айтып жатыр. Олардың қатарында Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск те бар. Ол өзінің Twitter-парақшасы арқылы Ресей халқына көңіл айтты.
«Бүгін біз, еуропалықтар, Батыс Сібірдегі Кемерово қаласында болған алапат өрттің құрбандары үшін Ресей халқымен бірге қайғырып отырмыз. Біздің ойымыз бен жүрегіміз сіздермен бірге», - деп жазды Туск Twitter әлеуметтік желісінде.
Сегодня мы,Европейцы, скорбим вместе с российским народом о жертвах трагического пожара в городе Кемерово, в Западной Сибири. Наши мысли и сердца с вами!
— Donald Tusk (@eucopresident) 26 марта 2018 г.Алайда, қайғыра көңіл айтқан Еуропалық кеңестің төрағасын ресейліктер боқтап-балағаттап тастады. Тусктың парақшасындағы осынау жазбаның астына пікір білдірген ондаған адам бейәдеп сөздер жазып қалдырыпты.