15.06.2015, 18:00

Буш АҚШ президенті сайлауына түсетінін мәлімдеді

www.svoboda.org

Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буш АҚШ президенті сайлауына түсуге ниеті барын мәлімдеді, деп жазады www.azattyq.org сайты.

"Мен ешкімді және ешнәрсені өздігінен болып жатыр деп қабылдай алмаймын" деп мәлімдеді 62 жастағы Джеб Буш Маямиде өз серіктеріне. Джеб Буш - АҚШ-тың 41 президенті, үлкен Джордж Буштың ұлы, АҚШ-тың 43-президенті кіші Джордж Буштың ағасы.

Жұбайы Мексикадан шыққан Джеб Буш жиналғандарға ағылшын және испан тілінде сөйледі. "Менің кез-келген тілде жасайтын жолдауым оптимизмге толы, себебі мен Америкада келесі онжылдықты үлкен кезеңге айналдыра алатынымызға сенімдімін" деді Буш. 

Республикашыл партия атынан үміткер болу үшін бәсеке 2016 жылы басталады. Буш үміткер болу үшін консерватизмге қатысты көзқарастарын білдіріп, әулетінен біраз бөлектенуі керек. Джеб Буш мәлімдеме жасағанда оның әкесі де, ағасы да болған жоқ.