$ 446.49  475.38  4.79

Әйгілі америкалық миллиардер президент сайлауына түсетіндігін жариялады

Әйгілі америкалық миллиардер Дональд Трамп президент сайлауына түсетіндігін жариялады. Байлығы $4 млрд долларды құрайтын Трамп президент бола қалса, АҚШ-тың әйгілі держава атын қайтаруға уәде етті, деп жазады 7kun.kz

Бұған дейін 12 адам сайлауға түсетіндігін жариялаған еді. Олардың қатарында Флориданың экс-губернаторы, Буштар әулетінің өкілі Джеб Буш, экс-президент Билл Клинтонның жары Хиллари Клинтон бар. Трамп сайлауға Республикалық партияның атынан түспек. Бұл партия атынан Джеб Буш та түсуге ниетті. Сарапшылардың пікірінше Трамптың партияластар арасында беделі аз. Бұл жолғы сайлау негізінен әйгілі екі әулеттің арасындағы тартыс болады деп болжайды. «Трамп- партияластарының көпшілігі ұнатпаса да сайлауға қатысуға ниет білдірген президенттік кампаниялардың тарихындағы бірінші үміткер», дейді ABC телеарнасына берген сұхбатында саясаттанушы Гарри Энтейн.

Еске сала кетейік, АҚШ-тағы сайлау 2016 жылдың 8 қарашасында өтеді. Конституцияға сәйкес қазіргі президент Барак Обама үшінші рет президент бола алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары