16.06.2015, 18:00

Парламент жұмысы ұзарды

news.mail.ru

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бесінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясының жұмысын ұзарту жөнінде шешім қабылданды.

«Бүгінгі таңда Парламент алдында жұмыс көбейіп отыр. Бұл біздің басқа мемлекеттік органдармен үйлесімді жүйеде жұмыс істеуімізді талап етеді. Осыған орай, біз уақытты ұтымды пайдалану үшін Парламент сессиясын ұзарту мәселесін қарастырдық. Бесінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясын 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін ұзартуды ұсынамын», — деді Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.