Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!
Еліміз үшін 2015 жыл тарихи оқиғалардың даңқын асырған, яғни Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Ата Заңының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы атап өтілген жыл болуда.
Осындай ғаламат оқиғалардың алдыңғы қатарынан мерзімінен бұрын өткен Президент сайлауы орын алады. Қазақстан халқы өзіне берілген заңды құқығын пайдалана отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлауға бірауыздан дауыс берді. Халықтың мұндай қолдап, қуаттауы қазақстандықтардың алған бағытының туралығы мен жолының дұрыстығын, сондай-ақ ауызбірлігі мен саналы көңіл-күйін, елдің біртұтастығын әлем жұртшылығының алдында тағы бір рет дәлелдеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңде мемлекеттік этносаясаттың қалыптасуының үлкен бір белесі іспетті.
Елбасы – Мемлекет басшысы алға қойып отырған бес халықтық реформа жалпы алғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-қимылына қалай ықпал етсе, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін де толықтай жауапкершілік жүктейді.
Байқап отырғанымыздай, этникалық мәселелерге толық көңіл бөлінбеуіне байланысты бірқатар елдерде жағымсыз жағдайлар орын алуда. Олар әлеуметтік-экономикалық және азаматтардың жаңаша қалыптасуы мәселелерін жүзеге асыру мақсатында елдің саяси өмірінде этномәдени орталықтар мен этностық бағыттағы қоғамдық бірлестіктердің белсенділігін арттыруға ұмтылуда.
Ел Президенті Қазақстанның алға басуына бірден бір кепіл болып отырған аса маңызды да құнды байлығымыз – қазақстандықтардың мызғымас бірлігі екенін айтып та, қайталап та келеді. Бұл сырттай қарағанға шаңырағы ортақ үйдің қарапайым өмір сүру тәсілі болып көрінгенімен, бүгінгідей күрделі кезеңде қарама-қайшылықтар мен уақыт талабын шешудің негізгі жолы болып табылады.
Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан тағдыры мен асқақ даңқы үшін ортақ жауапкершілігі ХХІ ғасырдағы Қазақстанның табысты дамуының түйінді үлгісі болып табылады.
Ішкі саяси тұрақтылықты негіздей түсетін экономиканың дербес дамудың және ұлтаралық келісімнің халық бірлігіне тигізер ықпалы зор.
Біз оңтүстікқазақстандықтарды тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі, халықтың күш-қуатының қайнар көзі болып табылатын, барлық қазақстандықтарды біріктіретін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңызына тереңдей түсуге шақырамыз.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы XVІІІ сессиясының қатысушылары. 2015 жылғы 19 маусым.