28.06.2015, 18:00

Нұрсұлтан Назарбаевқа ұялы телефоннан хат жіберуге болады

.tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаевқа ұялы телефоннан хат жіберуге болады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметі 3 шілдеде Мемлекет басшысының akorda.kz ресми сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр.

"Жаңа сайттың ерекшеліктері ретінде оның қолайлы құрылымы мен навигацияларын, сайттың планшеттер мен смартфондарда толық көрінуіне лайықталған дизайнын, "Президентке хат" функциясы аясында Мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі қарастырылғанын атап айтуға болады", - деп жазылған хабарламада.