$ 494.87  520.65  4.91

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда кездесетін болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесу 12 маусымда Сингапурде өтетінін айтты. Трамп Twitter парақшасында бұл кездесуді "әлемдегі бейбітшілікке үлес қосатын "ерекше оқиға" болады деп жазды.

Бұған дейін АҚШ президенттерінің бірде-бірі Солтүстік Корея жетекшілерімен кездесіпеген. Дональд Трамп Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізуге дайын екенін наурыз айында мәлімдеген. Сингапур кездесу өтуі мүмкін орындардың бірі ретінде айтылған.

9 мамыр күні Солтүстік Кореяға АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео барған. Оның сапары Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуіне дайындық жұмыстарына қатысты болған. Осы кездесу кезінде Пхеньян Солтүстік Коряда қамауда отырған үш америка азаматын қамаудан босатқан.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары