$ 494.87  520.65  4.91

Жомарт Ертаев Бақытжан Ертаевтың ұлы ма?

8 шілдеде жазғы демалыстарын асыға күтіп жүрген мәжіліс бірден 12 заңды бекітіп берді. Отырыстан кейін мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев банкир Жомарт Ертаевқа еш қатысы жоқ екенін айтты деп хабарлады КТК арнасы.

Кезекті демалысқа шығуға небары 1 отырыс қалғанын ескерсек, депутаттардың жанталасуы бекер емес. Мүгедектердің тұрмысын жақсартатын жобаны бірауыздан қолдаған халық қалаулылары, атқамінерлерге этиканы үйретіп жеке өмірі жайлы да айтып өтті.

Оған себеп болған «Альянс банктен» ақша жеді деп шатылып жатқан Жомарт Ертаев  Бақытжан Ертаевтың ұлы екен деген қауесет халық қалаулысының әбден жүйкесін жұқартыпты.

«Жұрт түнімен хабарласып жатыр. Сенің балаң ба дейді? Жомартты көрдім. Бірақ менің балам емес. Шешесін де көрген емеспін. Бір купеде жүрген емеспін. Пойызда. Бір жағынан марқұм балама ұқсайды ол. Бір көргенде балам деп қалдым. Түрі ұқсайды екен», – деп ағынан жарылды мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев.

Жеке өмірі туралы ағынан жарылған генерал Ертаев мәжілісте Бас прокурордың орынбасары Жақып Асановтың да шаңын қақты. Бұған шенді прокурордың төменгі палатаға қызметтік формасыз келуі себеп болды.

Генерал-лейтенанттың өткір  сынына  Бас прокурордың орынбасары жауап қайтара алмады. Әскери тәртіп бойынша солай болуы тиіс те. Ал ашуға мінген Ертаев бұдан былай әскери форма кимеген күш құрылымдарының басшыларын мәжіліске мүлдем кіргізбеуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары