Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды» делінген хабарламады.
Көшербаев Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.
Әр жылдарда Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, "Нұр Отан" ХДП, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған, "Ертіс" ӘКК" ҰҚ басқарма төрағасы болды.
Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.