$ 474.72  515.17  5.58

Депутаттар демалысқа кетті

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысынан кейін бесінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы өз жұмысын аяқтадып, депутаттар қыркүйек айына дейінгі каникулға кетті. 

Биылғы парламенттік маусым күрделі кезеңде өтті деп айтуға болады. Әлемдік экономикада орын алған жағымсыз құбылыстар мен халықаралық деңгейдегі қайшылықтар жаңа қатерлер тудырып, заң шығарушы биліктен уақыттың сын-қатерлеріне дайын болу үшін заман талабына сай жедел әрекет ету талап етілді. 

Сол себепті де биылғы сессия жылдағыға қарағанда ұзағырақ болып, депутаттар шілденің 15-іне дейін жұмыс істеу туралы шешім қабылдаған болатын.   

Сонымен қатар, ондай сын-қатерлердің теріс салдарына сындарлы жауап ретінде Елбасы Қазақстанның оң дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатын жариялады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жедел орындау мақсатында Парламент биылғы сессияда 113 заң қабылдады. Олардың арасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, жер қойнауын пайдалануды жеңілдету, дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу, кәсіпкерлікке қатысты жағдайды түбегейлі жақсарту, агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті арттыру мақсатында салық заңнамасын жетілдіру мәселелері қамтылды. 

Айта кетейік, бесінші сайланған Парламенттің бесінші сессиясы қыркүйек айының алғашқы күніне шақырылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары