$ 443.85  474.3  4.8

Қырғызстан шекарадан жер сұрап отыр

19 шілде күні Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен екіжақты кездесу барысында Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Темір Сариев біртүрлі ұсыныс жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

vb.kg сайтының хабарлауынша Қырғызстанның Тоқмақ қаласы арқылы өтетін «Бішкек-Нарын-Торығат» автожолының 800 метрдей бөлігі Қазақстанның меншігінде екен. Ыстық көлге сапар шеккендер осы бір аралықта тарнзиттік ел арқылы өтуге мәжбүр.

 «Біз Бішкектен Ыстықкөлге бағыт алғанда жолдың кей бөлігі Қазақстан шекарасын кесіп өтеді. 800 метр көлік жолы шекараны кесіп жатқасын осындай «аппендицит» пайда болады. Біз өз тарапымыздан аталмыш шекараны пайдалануға рұқсат беретін жеке келісімді қабылдауды ұсынамыз. Жақын арада біз ортақ экономикалық одақ құратын боламыз. Егер бұл келісімге қол қойылатын болса, біз бұл жол учаскесін өз қараумызға алуға талпынамыз», – дейді Сариев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары