$ 498.34  519.72  4.85

Алматы әкімі Корея Республикасының Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэсик Киммен кездесті. Тараптар сауда-экномикалық байланыстарды нығайту, инновация мен ІТ–технология саласындағы ынтымақтастықты күшейту және қаланы цифрландыру жөніндегі «Smart Almaty» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Тәуелсіздік жылдары барлық бағыттар бойынша достық және серіктестік қатынас қалыптасты. Қазіргі кезде Корея Республикасы Қазақстанның 12 ірі сауда серіктестіктерінің қатарында. Соңғы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Қалада оңтүстіккореялық капиталмен сауда, медицина, құрылыс пен телекоммуникация салаларында 287 кәсіпорындар жұмыс істейді.

«Алматы – біз үшін Қазақстанға енудегі ерекше «қақпа». Мегаполис бизнес үшін инвестиция жағынан тартымды, сондықтан біз бұл өңірге инвестиция бөлуге ынталымыз. Оның жарқын мысалын БАКАД құрылысынан көруге болады, мұнда оңтүстіккореялық «SK Group» компаниясы жемісті еңбек етуде. «Lotte Алматы» кондитер фирмасы, әлемдік деңгейдегі электроника шығаратын «LG Electronics» зауыттары табысты жұмыс істеуде», - деп атап өтті Дэсик Ким.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары