Үш аптаға созылған үзілістен кейін Грекияда барлық банк жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Lenta.ru.
Дегенмен тәулігіне 60 еуродан артық алуға болмайды деген шектеу әлі де өз күшінде қалып отыр. Алайда халыққа қолайлы болу үшін 420 еуро көлемінде апталық лимит те бекітілген.
Ал бір апта ішінде қолма-қол ақша алмаған азамат келесі аптада белгіленген шекті сомадан артық ақша ала алмайды. Өзге елге ақша аудару операциясы да әзірге мүмкін болмай отыр. Қазір банк бөлімшелерінде кезек күтіп тұрған адам қарасы қалың. Грекияда 28 маусымда енгізілген «банктік демалыс» екі рет – 6 мен 13 шілде күні ұзартылған еді.