$ 494.87  520.65  4.91

Н. Назарбаев әлемдік лидерлердің бестігіне кіреді

Н. Назарбаев еліне мейлінше пайдасын тигізген әлемдік лидерлердің бестігіне кіреді. Елбасы Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Нурсултан Назарбаев: Человек у власти» атты кітапта авторлар осындай мәліметтерді алға тартып отыр.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институты мен «ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен жарыққа шыққан кітап авторлары профессор Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасова. Кітапта жаңа әдістемелік ұстанымдар негізінде басты назар ғасырлар тоғысындағы Елбасының прогрессивті рөліне, КСРО дағдарысының Мемлекет басшысының саяси санасына әсер ету мәселелеріне аударылады. Сонымен қатар, Н. Назарбаевтың тарихи даму барысында пайда болған саяси көзқарастары мен қабылдаған шешімдерінің себептері баяндалады. Бұдан бөлек, авторлар тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Ұлт Көшбасшысының реформаторлық бағытын іс жүзінде жүзеге асырумен байланысты ауқымды мәселелерді қарастырады.

«Тарихи-өмірбаяндық жанрда жазылған кітапта көптеген фактологиялық материалдар жинақталып, Елбасының әлемдік ауқымдағы саясаткер ретінде қалыптасу жайы баяндалады. Мәселен, кітапта мынадай бір мысал келтіріледі, оқып берейін: «2013 жылдың шілдесінде Постдағдарыстық әлем институты қоры әлемнің 68 елінен 300-ден астам сарапшыларға сауалнама жүргізіп соның нәтижесінде: «Нұрсұлтан Назарбаев - өз еліне мейлінше пайдасын тигізген әлемдік лидерлердің бестігіне кіретін бүгінгі заманның ең танымал саясаткерлерінің бірі» деген қорытындыға келеді. Бұл өте жоғары баға», - деді жиын барысында сөз сөйлеген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов.

Сонымен қатар, кітапта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың КСРО дағдарысын еңсерудегі рөліне де үлкен мән беріліп, сол кездегі саяси ұстанымдар мен шешімдерге талдаулар, жоғары бағалаулар жасалған. Сонымен қатар, кітапта қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мұрағат материалдары мен деректер пайдаланылып отыр. 

Жарыққа шығып отырған тарихи-өмірбаяндық кітап оқырманға бұған дейінгі күндері жіті таныс болып үлгерген «Н.А.Назарбаев - основатель независимого государства», «Мир о Назарбаеве», «Кемеңгер», «Независимый Казахстан и Лидер Наций» секілді көптеген еңбектердің жалғасы болып табылады.

Бұл ретте кітап авторлары елдің саяси шыңына шығып, оны халықаралық сахнада танымал ете білген дарынды тұлғаның өмір жолын көрсетуді көздеген. Сондықтан да олар туындыны «Нурсултан Назарбаев: Человек у власти» деп атап отыр. Кітаптың атауы мазмұнында саяси сахнаға өзінің табандылығының, еңбекқорлығының, алға қойған мәселелердің түпкі мағынасына жете, әрі оларды белгіленген мерзім ішінде шеше білу қабілетінің, қоғамды бастау қасиетінің арқасында көтерілген тұлға туралы айтылатынын білдіреді.

Профессор Бүркіт Аяғанның айтуынша, кітапта алғаш рет Қазақстанның болашақ президентінің қалыптасу жолын, оның әлем қауымдастығы оң бағалаған саяси карьерасы мен заңды салтанатын зерттеп бақылауға мүмкіндік беретін еңбек жолының кезеңдері баяндалады. Бұл ретте авторлар кітап кейіпкерінің өмірбаянын зерттеу арқылы Қазақстанның 75 жылдық тарихи даму заңдылығын да зерделейді, қоғам дамуындағы кеңестік жүйенің дағдарысын, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі реформалардың қарыштап дамуын көрсетуге тырысады. Тұтастай алғанда авторлардың көздеген мақсаты Қазақстанның атын әлемге паш еткен, Қазақстанның дүниежүзі елдері қатарынан орын тауып, құрметті мемлекетке айналуына, әрі қазіргі қым-қиғаш геосаяси жағдайларда оң рөл атқаруына себептескен реформаторлық рухын ашып көрсету болды. 
Шараға Парламент депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты.

Назарбаев туралы жаңа кітап қалай президент болуды емес, қандай президент болу керектігін ашып көрсетеді. Елбасы Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған тарихи-өмірбаяндық «Нурсултан Назарбаев: Человек у власти» атты кітаптың тұсаукесерінде Қазақстандағы Словакияның Төтенше және Өкілетті елшісі Петер Юза осылай мәлім етті.

«Мен жақсы кітапты бір деммен оқығанда кәдімгідей жақсарып қаламын, ал өте жақсы кітапты оқудан ләззат аламын. Осыдан екі күн бұрын Мемлекеттік тарих институтының басшысымен жолыққанда қолыма осы кітапты ұстатып еді. Бір деммен оқып шықтым, керемет әсердемін», - деді мәртебелі Елші өз ойымен бөлісе келе.

Оның пайымынша, бүгінгі әлемде саясаткерлер өздерінің билігін қамтамасыз етуге ғана емес, қоғамға қатысты мәселенің бәріне жауап беруге міндетті.

«Айта кетерлігі, кітапта Мәңгілік Ел тұжырымы да қамтылып отыр. Шынын айтқанда, Қазақ елінде осындай тұжырымдық идеяның қалыптасуы да қызықтырады. Өйткені, біз әлемде не болып жатқанын өз көзімізбен көріп отырмыз. Ал мынадай рухани тұжырымның маңызы зор. Екіншіден, бұл кітап өзекті, уақыт талабынан туындап отыр. Ең бастысы әрі маңыздысы Елбасының өмір тарихы мемлекеттік құжаттық материалдармен, мұрағаттардағы маңызды мәліметтермен әспеттеліп, көрсетіліп отыр. Үшіншіден, бұл кітап қалай президент болуды емес, қандай президент болу керектігін, оның жауапкершілігін ашып көрсетеді», - деді Петер Юза.

Бұдан бөлек, Елші кітапты оқу барысында Л.Гумилевтің еуразиялық тұжырымының қалай жүзеге асып жатқанына куә болғанын айтады. Оның пайымынша, бұның өзі Ұлт көшбасшысының дәуір таңдауын дұрыс жасаудағы рөліне берілген жоғары баға болып табылады.

Еске сала кетейік, Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институты мен «ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен жарыққа шыққан кітап авторлары профессор Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасова. Кітапта жаңа методологиялық ұстанымдар негізінде басты назар ғасырлар тоғысындағы Елбасының прогрессивті рөліне, КСРО дағдарысының Мемлекет басшысының саяси санасына әсер ету мәселелеріне аударылады. Сонымен қатар Н.Назарбаевтың тарихи даму барысында пайда болған саяси көзқарастары мен қабылдаған шешімдерінің себептері баяндалады. Бұдан бөлек, авторлар тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Ұлт көшбасшысының реформаторлық бағытын іс жүзінде жүзеге асырумен байланысты ауқымды мәселелерді қарастырады.

«Байыптап қарасақ, Нұрсұлтан Әбішұлы бала кезінен-ақ көшбасшы болыпты ғой, – деп бастады сөзін еліміздің тұңғыш сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов. – Нұрекең Днепродзержинскідегі оқуда – староста, металлургиялық комбинатта – партком хатшысы, Министрлер кеңесінің төрағасы, одан соң Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Сол кезеңдердің әрбірінде ол кісі керемет басшылық қабілетімен көзге түсті. Міне, осы жайттардың бәрі түгел бүгінгі кітапта тарқатылып жазылған.Заң ғылымының кандидаты, профессор Зинаида Федотова да – Елбасымен бірге қызмет істеген жандардың бірі. Осы еңбекті оқи отырып, барлық уақиғаларды көз алдынан қайта бір өткізіп шыққанын айтты ол: «Президентіміз өзі де демалмайтын, өзгені де демалдырмайтын қайраткер ғой. Сонысының арқасында тау-тау міндеттер іске асты. Әйтпесе, қазіргідей халге небәрі 24 жылда жете алар ма едік?! Әлі есімде, астананы Ақмолаға көшірерде көп дау болды. «Бұл қалай болар екен?» деген сенімсіздік белең алды. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы – мықты стратег емес пе?! Астананы аз уақытта гүлдендіріп, мегаполиске айналдыра білді. Бұдан соң оған халқы қалайша сенбесін, үміт артпасын?» Ал «Егемен Қазақстан» га­зеті акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов жаңа кітапты «Елдігімізді еңселендіретін еңбек» деп атады: «2013 жылдың шілдесінде Посткеңестік әлем институты 68 елдің 300-ден астам сарапшысына сауал тастаған еді. Нәтижесінде, дүние жүзі бойынша ең үздік 5 лидердің қатарына Нұрсұлтан Әбішұлы да кірді. Бұл – үлкен көрсеткіш. Кітап авторлары біздің КСРО-дан бөлініп шыққан кезімізді Жер мен метеориттің соқтығысуы ретінде бағалайды. Бұдан соң, сөзсіз, жерде климат өзгереді, ауа райы құбылады. Біз де дәл сондай қиын жағдаймен бетпе-бет келдік. Бір күні Нұрсұлтан Әбішұлы республикалық теле­радио хабарларын тарату компа­ниясының төрағасы Ғаділбек Шалахметовті баспасөз хатшысы қызметіне ша­қырған екен. Қанша дегенмен, Ғаде­кеңнің бұрын істеп көрмеген жұмысы ғой. Сөз арасына Елбасыдан «Айтыңызшы, баспасөз хатшысы деген кім?» деп ақырын сұрапты. Сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлы «Әуелі президент дегеннің кім екенін түсініп алайық» деп жауап береді. Шынымен де, ол тұста Нұрекеңнің өзіне де мұның бәрі тым таңсық, жаңаша дүние болып көрінгені рас. Соған қарамастан, ол кісінің көрегенділігі мен сая­си сауаттылығы барлық жерде дәлелденіп жатты. Ол кісінің осы қасиеттерін тану арқылы біз елдігімізді, мемлекеттігімізді тани түсеміз». Мәжіліс депутаты, генерал-лей­­тенант Абай Тасболатов Елбасының әрбір детальға мұқият назар аударатынын тілге тиек етті. «Президенттік оркестр өнер көрсетіп жатқанда Нұрсұлтан Әбішұлының жанында әрқашан мен отыратынмын. Бір ән орындалып жатса, оның қашан шыққанын, күйді естісе, оның авторын менен сұрайды. Кей сұрақтарына кібіртіктеп қаламын. Сол кезде Нұрекеңнің өзі бәрінің жауабын айтады. Соншама ақпарат бір басына қалай сиятынына таң қалатынмын. Бұдан соң, мен де бүкіл ән-күйдің тарихымен танысып шықтым ғой. Жалпы, бүгінгі кітапта Елбасының біз білмейтін басқа да қырлары жан-жақты ашылады» дейді Абай Бөлекбайұлы.

Тұсаукесер рәсімін ашқан кітапхананың атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков кітаптың ерекшелігіне тоқтала келе, «онда қазақ қоғамының даму беталысы, Елбасының бұған сіңірген өлшеусіз үлесі ғылыми тұрғыда сараланғанын» жеткізді. «Кітап екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде тәуелсіздік алған жылдардан бұрынғы Қазақстанның экономикалық жағдайы туралы айтылса, екінші бөлімінде Президенттің еліміздің егемендік алған алғашқы күннен бастап көтерген бастамалары, ел алдына қойылған мақсат-мұраттар, тағдырлы шешімдер қабылданған сәттер көрініс тапқан. Демек, бұл құнды еңбек өз оқырмандарын табады деген ойдамыз», – деді Б. Жұмабеков. Осылай дей келе, ол алғашқы сөзді Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі, қоғам қайраткері Төлеутай Сүлейменовке ұсынды. Ол бүгінгі күнге дейін Мемлекет тарихы институтының бас­тамасымен осы сарында біршама құнды еңбек жарық көргенін айтып, жаңадан тұсауы кесілген кітап та осы бағалы дүниелердің қатарын толықтыратынына сенім білдірді. «Мен бұл кітапты бірнеше күн бұрын қолыма алып, онда қозғалған жайттармен танысып шықтым. Кітап – ауқымды. Онда көптеген тарихи оқиғалар баяндалған. Еңбек Мемлекет басшысының Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңіне дейінгі және қалыптасу кезінен бастап атқарған қызметі, өмір жолы жөнінде жан-жақты саралайды. Ол – тұлға болып қалыптасқанға дейін өмірдің барлық сатысынан абыроймен өте білген саясаткер. Яғни, Президент мемлекет алдында, халық алдында тұрған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсаған. Міне, бұл жайттар еңбектің өн бойынан көрініп отырады», – деді Т.Сүлейменов. Сонымен қатар, ол Елбасы қандай жағдайда, қандай кезеңде болмасын әрдайым өзінің көшбасшылық, тұлғалық қасиетімен көріне білгеніне тоқталды. «Бұған жаңа елорда – Астананың негізін қалауды, Семейдегі сынақ полигонын жабуды, тәуелсіз қазақ мемлекетін құруды, басқа да қол жеткізген жетістіктерімізді мысалға келтіруге болады. Бұл – орасан еңбек. Ол – әрдайым билік басында. Ол – әрдайым өзінің көшбасшы қалпында. Бұған Елбасы өзінің алдына қойған стратегиялық міндеттерін орындау, сенімділік, прагматизм, еңбекқорлық, ең бастысы – өзінің халқына деген шексіз сүйіспеншілігі сынды қасиеттері арқылы қол жеткізді деп ойлаймын. Бұл жеке қасиеттер оны сөзсіз көшбасшылық биікке шығарды», – деді Т. Сүлейменов. Бұдан кейінгі кезекте Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, қоғам қайраткері Зинаида Федотова сөз алып, өзінің аталған еңбек жайындағы пікірін ортаға салды. «Бұл – тарихи-өмірбаяндық кітап. Яғни, мұнда тәуелсіздік алған жылдан бергі мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері, Елбасының егемен елді алға жылжытудағы кемеңгерлігі бейнеленген. Президентпен алғаш рет жүздесуім 90-шы жылдың сәуір айына дөп келді. Ол кезде Жоғарғы Кеңестің 13-ші шақырылымының депутаты едім. Сол уақыттан бері мен Президенттің «командасында» келе жатырмын. Бұл еңбекте Елбасының тұлғалық қасиеті айрықша бейнеленген. Мұндай кітаптар кейінгі жастарға көп сабақ болады деп ойлаймын. Мұнда Н.Назарбаевтың көшбасшы тұлға ретіндегі қалыптасуы отбасынан, алтын ұя мектебінен, ата-анасы берген тәлім-тәрбиеден бастау алғандығына көз жеткізуге болады», – деді З.Федотова. Сондай-ақ, ол Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі кезең – үлкен жауапкершілікті талап еткенін, себебі, 90-шы жылдардың басы мемлекет үшін өте қиын жылдар болғанын жиналғандардың есіне салды. «Мемлекет тәуелсіздік алғанымен, оның заңнамалық базасы болмады, өзге елдермен арада қарым-қатынас тетігі орнатылмады. Бұған қоса, экономикалық және саяси даму жолымызды айқындауымыз керек болды. Ал бұл жұмыстардың басы-қасында үнемі Н.Назарбаев жүргенін атап өткеніміз жөн. Егер де біреулеріңіз Парламент отырысының 12-ші және 13-ші шақырылымдарының хроникасын көретін болсаңыздар, онда отырыс залында әрдайым Президенттің отырғанын көрер едіңіздер. Ол кез келген заңды, кез келген норманы өзінің өн бойынан, сын тезінен өткізіп отырды. Егер де, қандай бір заң нормаларына қатысты депутаттар өздерінің келіспейтіндіктерін білдіріп жатса, Елбасы сөйлеген кезде олардың қалай келісіп, өз дауыстарын бергендерін байқамай қалушы еді. Осындай қасиеттер көп жағдайда дұрыс шешім қабылдауға ықпал етіп жататын», – деді З.Федотова. Бұған қоса, ол аталған еңбекте Президенттің шетелге алғаш жасаған сапарлары әсерлі суреттеліп, баяндалғанына да назар аударды. «Елбасы өзге елдердің мемлекет басқарудағы озық тәжірибелерін алып отырды. Сол арқылы өзінің үлкен стратег екенін көрсетті», – деді З. Федотова бұл туралы. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрах­манов Елбасы туралы әрбір кітап ең алдымен елтанудың тұтастай, үлкен бөлігі екенін жеткізді. «Біз Елбасын таныған сайын елімізді тани түсеміз. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда Қазақстан деген сөздің баламасына айналды. Бүкіл әлемде Қазақстан деген ұғым Назарбаев деген есіммен тікелей байланыстырылады. Сондықтан да, біз Елбасын көбірек білген сайын, өзіміздің елімізді көбірек білеміз. Өзіміздің елімізді көбірек білген сайын, оны бағалай түсеміз. Өзіміздің елімізді бағалай түскен сайын, біздің отаншылдығымыз арта түседі. Отаншылдығымыз арта түскен сайын біздің ертеңгі күнге сеніміміз артады, өзімізге өзіміз көбірек сеніп, көптеген ірі де игілікті істерді атқаратын боламыз. Осы тұрғыдан қарағанда, Мемлекет тарихы институты шығарған «Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам» деген еңбек шын мәнінде біздің елдігімізді еңселей түсетін ірі еңбек деп айтуға болады», – деді С. Абдрахманов. Басылым басшысы тарихи-өмірбаяндық жанрда жарық көрген кітапта құнды материалдар жинақталғанын, мәселен, онда Президенттің әлемдік ауқымдағы саясаткерге айналу кезеңдері жан-жақты сараланғанын, Елбасының көпэтносты, көпконфессиялы елді әлемге жетістігі бар ел ретінде қабылдата білгенін, бұл жерде ешқандай да әсірелеу жоқтығын, аталған еңбек, ең алдымен өзіміздегі барды бағалауға, қадірлеуге шақыратынын атап өтті. «Мұнда үлкен материалдар жинақталған, үлкен қорытындылар жасалған, үлкен баға берілген. Ең бастысы, үлкен шаруа атқарылған», – деді С. Абдрахманов өз сөзінде. Кітаптың тұсаукесер рәсімінде, сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов, Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юза, кітаптың авторлары Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасова да сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. Мәселен, Әлима Ауанасова еңбекке жылы лебіздерін айтқан азаматтарға алғысын білдіре келе, былай деді: «Бұл кітаптың «тағдыры» күрделі болды деп айта алмаймын. Бірақ, ол 91-ші жылдан басталған еді. Сіздердің барлығыңыз мемлекетте болған оқиғалардың куәгерісіздер. Біз тек Қазақстан территориясында ғана емес, ТМД кеңістігінде болған оқиғаларға объективті, шынайы түрде баға бере білдік деп ойлаймыз. Біздің осы еңбекті жазудағы алға қойған мақсатымыз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу және даму кезеңінің жаңа моделін көрсету болатын. Бұл миссияны біз ірі саясаткер ретінде Н.Назарбаевтың тұлға ретіндегі қалыптасуымен байланыстыра қарастыруға тырыстық. Алдағы уақытта осындай кітаптар қатары молая түседі деген үмітіміз бар». Бүркітбай Аяған еңбектің бастапқыда қойылған үдеден шыққандығын, ал қандай да бір жетіспеген тұстары болса, олардың орны біртіндеп толықтырыла түсетінін, жалпы, бұл кітаптың кездейсоқ жазылмағанын айтты. «Еңбектің құндылығы неде? Әрине, Президент туралы отандық та, шетелдік те ғалымдар көп еңбек жазды. Сондықтан, біз өзгеге ұқсамайтын, оқырмандарды қызықтыратындай тың мәліметтермен еңбектің құнын арттыруды көздедік», –деді Б. Аяған. Кітап кейіпкерінің өмірбаянын зерттеу арқылы авторлар Қазақстанның тарихи даму заңдылығын зерделеген, қоғам дамуындағы кеңестік жүйенің дағдарысын, КСРО-ның тоқырауын, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі реформалардың қарыштап дамуын көрсете білген. Кітапта, сонымен қатар, жаңа методологиялық ұстанымдар негізінде басты назар ғасырлар тоғысындағы Елбасының ілгерішіл рөліне, КСРО дағдарысының Мемлекет басшысының саяси санасына әсер ету мәселелеріне аударылған. Елбасының тарихи даму барысында пайда болған саяси көзқарастары мен қабылданған шешімдерінің себептері баяндалған. Авторлар тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Елбасының реформаторлық бағытын іс жүзіне асырумен байланысты басқа да ауқымды мәселелерді қарастырған. Ауқымды дүниелер жинақталған кітапта қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мұрағат материалдары мен деректер пайдаланылған.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары