$ 494.87  520.65  4.91

Интеграция заман талабы

Парламент Сенатындағы Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасы төмендегі құжаттарды:

«2014 жылгы 23 желтоқсанда Мәскеу каласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартты (Қосылу туралы шарт);
2014 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылған 2014 жылгы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың кұқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (Өзгерістер енгізу туралы хаттама);
2015 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылгы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерді қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттаманы (Жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттама) ратификациялау мақсатында әзірленген болатын.
Өзгерістер енгізу туралы хаттама және Жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттама Қосылу туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Қосылу туралы шарттың, сондай-ақ оған жоғарыда көрсетілген хаттамалар күшіне енген сәттен бастап Қырғыз Республикасы жағдайлар мен өтпелі ережелерді ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одактың мүшеci болады және өзіне 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған басқа халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерді алады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді. 

Бұған дейін белгілі болғандай Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды және соған сәйкес мәлімдеме жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев үш елдің халқын шартқа қол қойылуымен құттықтап, мемлекеттеріміз экономикалық әлеуетін халықтың өсіп-өркендеуі үшін біріктіріп отырғанын атап өтті. Ол бұның экономикалық одақ екенін және мүше-мемлекеттердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігіне қатысы болмайтынын атап өтті.

Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи актіге Астанада қол қойылуының символдық мәні бар екеніне назар аударды.

– Астана Еуразияның дәл жүрек тұсында орналасқан. Бұл – қазіргі заманның ең жас елордасы. Мұнда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және өзге де халықаралық ұйымдардың саммиттері өтті. Біз ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалудамыз. Қазақстан еуразиялық интеграция идеясының ілгерілеуіне тарихи үлес қосты. Нақ осында ғасыр басында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды, біздің интеграциялық үдерісіміздің барысы мен қарқынын айқындаған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың бесігі Астана болуының заңдылық екенін атап өтті.

– Бұл Қазақстан, Беларусь және Ресей халықтарының достығының, тату көршілестігінің, өзара қолдауының ұлы жылнамасының жалғасы болатынына менің еш шүбәм жоқ. Бізді ХХI ғасырда еуразиялық интеграция әлеуетін бірлесіп жүзеге асыру міндеті күтіп тұр, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастаманы өзінің алғаш М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жиырма жыл бұрын жария еткенін еске салды. 

– Тек уақыт қана түбегейлі көз жеткізу қасиетіне ие. Жаңа еуразияшылдықтың екі онжылдық тарихының тәжірибесі осыны дәлелдейді. Еуразиялық интеграция идеясы Ресей және Беларусь Президенттерінен қолдау тапты. Дәл сондықтан да біз бүгінгі күнге – Шартқа қол қоюға жеттік, – деді Мемлекет басшысы.   

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық интеграцияның іс жүзіне асуы қазірдің өзінде оң нәтижелер бергенін айтты.

– Тек соңғы бес жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88%-ға өсіп, 24 млрд долларлық мөлшерге жетті. Еуразиялық интеграция жөніндегі серіктес мемлекеттерге біздің экспортымыз 63%-ға ұлғайып, 6 млрд доллар болды. Бұл абстрактілі сандар ғана емес. Олардың артында жүздеген нақты кәсіпорындар мен компаниялар, қазақстандық, беларусьтік және ресейлік серіктестермен арадағы өзара іс-қимылдың жаңа желілері тұр. Бұл – мыңдаған жаңа жұмыс орындары, тұрақтылық және өзіне жаңа өткізу нарықтарын ашқан Қазақстан бизнесінің табыстылығының өсуі, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Армения мен Қырғызстанның да шартқа қосылу жөнінде нақты қадамдар жасап жатқанына назар аударды. Ол еуразиялық интеграцияны тереңдету осы үдеріске қатысушылардың барлығының мүддесі үшін жүзеге асырылатынына тоқталып өтті. 

– Басты мақсаттың бірі – экономикаларымызды бірлесе жаңғырту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін елдердің әрқайсысының мүмкіндіктерін біріктіру. Бізге өзге интеграциялық бірлестіктердің, ең алдымен Еуроодақтың тәжірибесін ескеру маңызды. Әңгіме қатысушы елдің бірде-бірінің деиндустриализация үдерісіне ұрынып қалмауы, ұлттық экономикада өнеркәсіптің дәстүрлі салаларының, ауыл шаруашылығының құлдырауын болдырмау туралы болып отыр. Еуропа экономикасындағы рецессияның беретін сабағы осында, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев интеграция, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономиканың дамуына қажетті ұзақмерзімді тұрақты жағдайды және азаматтардың бақуатты өмірі үшін жаңа мүмкіндіктерді білдіретінін атап өтті.

– Еуразиялық экономикалық одақты біз жаһандық байланыстармен етене жымдасқан, Еуропа мен дамып келе жатқан Азия ареалдары арасындағы берік көпір түріндегі ашық экономикалық қоғамдастық ретінде көреміз. Еуразиялық интеграцияны дамыта отырып, біз заңды кезеңдер – еркін сауда аймағы, Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік арқылы батыл ілгерілеп келеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа қол қою арқылы жер шарының  ең ірі тұтынушылық нарықтарының бірі, энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестіктің құрылуы заңдық тұрғыдан ресімделгенін айтты. Мемлекеттердің тәуелсіздігіне кепілдік беретін негізгі ресурстар бұл бірлестіктің өзінде жеткілікті.

– Осылайша бүгін ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге келді. Ол үлкен қиындықпен құрылды. Ашығын айтайын: біз Еуразиялық экономикалық одаққа көп қиындықпен жеттік. Алдымызда жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы қалыптасу мен дамудың күрделі кезеңі тұр. Интеграция бізге өздігінен керемет өмірге кепілдік бермейді. Жаңа сын-қатерлер мен жаңа міндеттер болады. Біз оларды бірігіп шешуге және баршамыздың күш-жігерімізбен дағдарысты еңсеруге дайын болуға тиіспіз, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігінде халықтардың тату көршілігінің түбегейлі жаңа үлгісі қалыптасып жатқанын, оған жоғары сенім, берік достық және мемлекеттеріміздің өзара қолдауы негіз болып отырғанын атап айтты.

– Еуразиялық экономикалық одақ – бұл ең алдымен біздің елдеріміздің миллиондаған азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер көзі. Қатысушы елдерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы шарттар жасалуда. Еңбек ресурстары нарығы бірігуде, бұл кәсіби деңгейді көтеру мен еңбек өнімділігін арттырудың маңызды факторы саналады. Азаматтар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір мемлекетінде білім беру қызметі мен әлеуметтік инфрақұрылымдарына тең қолжетімділік жағдайлары жасалуда. Ішкі кедергілерді жою қазірдің өзінде мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды күшейтуге, туризмнің өсуіне жақсы ықпал етті. Осы пайданың барлығын азаматтарымыз айқын ұғынып отыр. Бұл еуразиялық ықпалдастық үдерісіне кең ауқымды халықтық қолдау болуда, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті  үш елдің жастарына да сөз арнады.

– Еуразиялық экономикалық одақ сіздер үшін құрылуда. Ол сіздерге қатысушы елдің кез келгенінде сапалы білім және кәсіби машықты игеруде артықшылық береді. Бүгінгі оқиға біздің елдеріміздің болашағы үшін, бірінші кезекте жаңа ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер көзін ашады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қатысушы-мемлекеттердің орталық ведомстволары мен үкіметтері жетекшілерінің, Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің, сарапшылардың еуразиялық экономикалық ықпалдастық үдерістерін жүзеге асырудағы айрықша үлесін атап өтті. Ол ортақ жұмыстың нәтижесі тарихи құжатқа қол қою болғанын айтты.

– Еуразиялық экономикалық одақ – біздің елдеріміздің мәңгілік достығының, өзара іс-қимылы мен тату көршілігінің берік жаңа механизмі. 29 мамыр біздің елдеріміздің естелік күнтізбелеріне Еуразиялық ықпалдастық күні ретінде енуге лайықты деп санаймын. Біздің елдеріміздің халқын, осы рәсімнің барлық қатысушылары мен қонақтарын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен тағы да құттықтаймын, – деді Мемлекет басшысы.  

Өз сөзінде Ресей Федерациясының Президенті В.Путин қол қойылған шарт экономиканы дамытып, үш ел азаматтарының әл-ауқатын көтеру үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап айтты.

– Ресей, Беларусь және Қазақстан өзара іс-қимылдың мүлде жаңа деңгейіне өтеді: тауарлар, қызметтер, капиталдар мен жұмыс күші еркін қозғалатын ортақ кеңістік құрады. «Үштік» мемлекеттері экономиканың энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік секілді негізгі салаларында келісілген саясат жүргізетін болады. Іс жүзінде біз 170 миллионнан астам халқы бар ТМД кеңістігінде өндірістік, ғылыми және технологиялық әлеуеті зор, табиғи ресурстары орасан мол, ірі әрі бірыңғай нарық құрамыз, – деді В.Путин.

Ресей Президенті әлемдік экономикада толыққанды халықаралық құқықтық субьектілікке ие және Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидалары негізінде әрекет ететін жаңа экономикалық ұйым пайда болып отырғанын айтты. Ол сауда құрылымын жетілдіру, жоғары технологиялық тауарлар үлесінің артуы, елдеріміздің әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігінің нығаюын қоса қамтитын ықпалдастық үдерістердің өзара тиімділігі қазірдің өзінде іс жүзінде дәлелденіп жатқанына назар аударды.

Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко Армения мен Қырғызстанның еуразиялық ықпалдастық үдерісіне қосылуын атап өтті.

– Өз кезегінде Беларусь елі келіссөздер барысында қол жеткізілген  уағдаластықтарды толық жүзеге асыру жолында жүйелі әрі міндетті түрде ілгерілеуге дайын. Шартқа қол қою – осымен бітті деген сөз емес, ол біздің дұрыс қадам жасағанымызды бүкіл әлемге дәлелдеуге тиіс болатын салиқалы үдерістің бастауы. Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі іс-қимылдардың қатысушы-мемлекеттердің өзара саудасына айтарлықтай ықпал ететін мәселелерді шешумен байланысты болғаны жөн, – деді  А.Лукашенко.

Соңында мемлекет басшылары үш елдің жұртшылық өкілдерімен бейресми әңгіме өткізді.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта  халықаралық ұйымдарға тән базалық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ Одақтың мүше-мемлекеттерінің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан.

Бұған қоса, шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған және тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясат жүргізуді қарастырады.

Жалпы алғанда, келешектегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай ІЖӨ-нің жиынтық өсімі 900 миллиард доллар көлемінде болатындығымен бағаланып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ теңдік, негізділік, жүйелілік, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттары негізінде құрылады.

Жақында Астанада Жоғары Еура­зиялық экономикалық кеңес­тің  Мемлекеттер бас­шы­лары деңгейіндегі оты­рысы өткені белгілі. Отырыс Қазақ­стан Республикасының Пре­­зиденті Нұрсұлтан На­зар­баевтың, Ресей Федера­циясының Президенті Вла­димир Путиннің, Бела­русь Республикасының Пре­зиденті Александр Лукашен­коның қатысуымен шағын құрамдағы кездесуден бас­талды. Мемлекет басшылары Кеден одағы мен Бір­тұ­тас экономикалық кеңіс­тікті дамытудың негізгі ба­ғыт­тарын, сондай-ақ, еура­зиялық интеграциялық үде­рістерді кеңейту мәселелерін талқылады. Ұлттық мүдделер ескерілген құжат Кеңес отырысына төрағалық еткен әрі шаңырақ иесі ретінде алғаш­қы болып сөз алған Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев бүгінгі кездесудің Қазақ­стан, Беларусь және Ресей мем­лекеттерінің болашағы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Біз Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты әзірлеу жөніндегі орасан зор жұмыстарды аяқтадық, деді Елбасы. Шартқа қол қою арқылы еуразиялық кеңіс­тіктегі ықпалдастықтың жаңа сапалы кезеңі басталады. Бұл құжатта барлық мемлекеттердің мүдделері ескерілген. Сауатты және сали­қалы дайындалған. Бірқатар келіс­пеушіліктерге қатысты қол жеткізілген консенсус барлық тарапты қанағаттандырды. Қазақстан Президенті Шартта арқаулық аспектілердің барлығы көрініс тапқанына тоқталды. Құжатта халықаралық ұйымдарға тән барлық арқаулық аспектілер көрініс тауып отыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев осы жөнінде. Мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу қағидаттары бекітілген. Ұйымның барлық деңгейіндегі шешімдер қабылдауда консенсус қағидатының болуы ерекше маңызды. Осы  орайда, әрбір қатысушы тараптың дауысының шешуші мәні бар. Елбасы өз  сөзінде Одаққа мүше мемлекеттердің тіл мәсе­лесін де атап өтті. Еуразиялық эконо­микалық одақ шеңберіндегі барлық халықаралық келісімдер, Комиссияның міндетті сипаттағы күші бар шешімдердің барлығы орыс тілінде қабылданады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз осылай келістік. Дегенмен, сондай құ­жат­тар бірден тараптардың әрқай­сысының мемлекеттік тілде­ріне де аударылатын болады. Сон­дықтан тілдік қағидаттар жөнінде  еш­қандай кемсітушіліктер орын алмайды. Қазақстан басшысы, сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық эконо­ми­калық кеңес отырысының күн тәртібіне қойылған мәсе­ле­лермен де таныстырды. Елбасы­ның атап өткеніндей, Кеңес отыры­сының күн тәртібіне  жеті мәселе шығарылып отыр. Бұл мәсе­ле­лердің барлығы вице-премьерлер мен сарапшылардың жан-жақ­ты талқылауынан өткен, қол қоюға дайын тұр. Оның ішінде Еуразия­лық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою рәсімі де бар. Қазақстан Президенті бұл шарт үш мемлекеттің азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталғанына назар аударды. Еуразиялық эко­но­микалық одақты құру біздің эконо­микамызды жан-жақты жаң­ғыр­туды жалғастыру, елдері­мізді әлемдегі жетекші орындарға шығару үшін қуатты серпін бере­тініне сенімдімін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Құрылып жатқан Одаққа Арменияның қосылуы туралы тармақ бар. Өз кезегінде Қырғызстан Еуразиялық эконо­ми­калық комиссия кеңесі мақұлдаған Кеден одағына қосылу жөніндегі жобаны қолдады. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Одақтың органдарындағы кадр саясаты тараптардың тең қамтылуы қағидатын ескере отырып және осы маңызды жұмысқа білікті мамандар тарту конкурстық негізде жүргізілетінін атап өтті. Беларусь Республикасының Президенті Александр Лука­шен­ко өз сөзін елдерімізге эконо­ми­калық интеграция жолы оңай­ға түспегенінен бастады. Әр­бір қадам оңай болған жоқ, деді Беларусь басшысы. Бірақ, біздің басты мақсатымыз ай­қын, ол – халықтарымыз тату­лық пен достықта өмір сүріп, мемле­кет­терді дамыту мен нығайту өзара тиімді ынтымақтастықтың негізінде жүзеге асырылып жат­қа­нына олардың сенімді болуын қамтамасыз ету. Біздің дұрыс жол­ды таңдағанымызды өмірдің өзі көр­сетті. Бұрынғы кеңестік кеңіс­тіктің қайтарымсыз кері интегра­циясына жол бермес үшін біз ТМД-ны құрудан бастадық, содан кейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты, Кеден одағын құрдық. Біртұтас экономикалық кеңіс­тіктің нобайын жасадық. Бүгін біз мәреге жетіп отырмыз. Ол Еура­зиялық экономикалық одаққа әкелді. Осыған байланысты Александр Лукашенко қол қойылғалы отыр­ған шарттың ережелерін оған қа­тысушылардың барлығының ортақ пайдасына қарай жетілдіру мүмкіндіктері бар екенін атады. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ құру жолы өте ауыр және ұзақ болды, қарсылық танытушылар да кездесті. Бү­гін үш мемлекет Еуразиялық эко­номикалық одақ туралы шартқа қол қоюға саналы түрде қадам басып отыр. Ал Ресей Федерациясының Пре­зиденті Владимир Путин Еу­ра­зиялық экономикалық одақ туралы шарт мемлекеттік егемен­дікті толық сақтай отырып, елдерімізді интеграцияның мүлде жаңа деңгейіне алып шыға­тынын атап өтті. Сондай-ақ, Ресей басшысы Еуразиялық одақ идеясының бастауында Нұрсұлтан Назарбаев тұрғандықтан, шартқа Қазақстанның елордасында қол қойылуының символдық мәні бар екеніне тоқталды. Бүгінде біз бірлесіп, экономикалық дамудың қуатты, тартымды орталығын,  170 миллионнан астам халықты біріктіретін ірі өңірлік рынокты құрудамыз, деді Владимир Путин. «Үштік» елдерінде дамыған өнеркәсіп, индустриялық база, қуатты кадрлық, интеллектуалдық, мәдени әлеует бар. Географиялық жағдайымыз бізге тек өңірлік қана емес, жаһандық та маңызы бар көлік-логистикалық бағдарлар қалыптастыруға, Еуропа мен Азияның ауқымды сауда жолдарын өзімізге «бағындыруға» мүмкіндік береді. Осының бар­лығы – біздің бірлестігіміздің бәсе­кеге қабілеттілігінің, оның жедел өзгеріп жатқан әрі күрделі әлемдегі қарқынды дамуының кепілі болып табылады. Ресей басшысы өзінің сөзі барысында шартқа қол қоюдың тарихи маңызы ерекше екендігіне де тоқталды. Біздің бүгінгі кездесу тарихи маңызға ие, деді ол осы жайында. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қояды. Бұл құжат мемлекеттердің егемендігін сақтай отырып, біздің елдерді интеграцияның жаңа деңгейіне шығарады. Әрі ол үйлесімді экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Еуразиялық одақ идеясын Қазақстан Президенті 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі барысында алғаш рет жария еткен болатын. ЕАЭО – өзге елдер үшін ашық құрылым Шағын құрамдағы отырыс аяқталған соң мәжіліс кеңейтілген құрамда жалғасты. Бұл отырысқа Армения Президенті Серж Саргсян мен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко қатысты. Мемлекет басшылары Ар­ме­нияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартты әзірлеу барысын, сондай-ақ, Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуы жөніндегі Жол картасын қарады. Отырысты Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашып, жүргізіп отырды. Елбасы өзінің кіріспе сөзінде еуразиялық экономикалық интеграция келесі кезектегі биікке көтерілгенін атап өтті. Бүгін біз Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қоятын боламыз. Ол қол қоюшы мемлекеттер халықтарының әл-ауқатын, өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, шартты дайындаған сарапшылар тобының еңбегіне рахметімді айтамын. Сонымен бірге, біздің елдеріміздің үкіметтеріне және Еуразиялық комиссияға да осынау маңызды құжатты қысқа мерзімде дайындай алғандығы үшін алғыс айтамын, деді Қазақстан басшысы. Одан әрі Президент бүгінгі күні өзара іс-қимылымызды кем дегенде 15-20 жыл алға жетелейтін алыс көкжиекке көз тігуіміз керектігін атап көрсетті. ХХІ ғасырдың алғашқы жартысында біздің Одағымыздың алдындағы миссиясы екі түрлі маңызды мәселені шешуде екенін түсінуіміз керек. Біріншіден, әлемнің аса ма­ңыз­ды экономикалық макро­ай­мағына айналып, Шығыс пен Батыстың, Еуропа мен Азияның «эко­номикалық көпірі» болатын сапаға қол жеткізу арқылы бәсеке­лестікке қабілеттілігімізді арт­тыру. Екіншіден, әрбір мүше мемлекетті әлемнің барын­ша дамыған елдері қатарына енгізуді қамтамасыз ету, дей келіп, Еура­зиялық экономикалық одақ халық­тарымызға ауыртпалық емес, игілік бола білуі керек екенін атап көр­сетті. Одан әрі Президент: «Біз тек осындай жолды ұстана білсек қана еуразиялықтың тартымдылығын арттырамыз және оның айқын мақсаттарына деген күмәнді бір­жолата жоятын боламыз», деді. Қазақстан басшысы Еура­зия­лық экономикалық одақтың ұлтүстілік органдарының жұмыс істеу тәртібі туралы айтты. Біз Еура­зиялық эко­номикалық комис­сияның Мәскеуде орналасуына келістік. Сөйтіп, Мәскеу Еура­зиялық экономикалық одақтың экономикалық орталығы болады. Басқа да ұсыныстар болған еді, бірақ мәселе осылай шешілді. Минскіде Еуразиялық сот орналасады. Біздің Одағымыздың құқықтық аспектілері де сонда шоғырланады. Ал Алматыда 2025 жылдан бастап Одақтың қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлтүстілік орган орналасатын болады. Осылай дей келіп, Президент одақтық қаржылық реттегіштің құрылуын күтпей-ақ Алматыны Еуразиялық экономикалық одақ­тың қаржылық орталығы ретінде қарастыруды бастай беру керек екенін атап өтті. Н.Назарбаев өз сөзінің қорытындысында ЕАЭО мүше елдер экономикасын жан-жақты жаңғыртуға қуатты серпін беретінін атап өтті. Одан әрі Елбасы күн тәрті­бін­дегі мәселелер бойынша үш Мемлекет басшысы толық келі­сімге келгенін айта отырып, Армения мен Қырғызстан прези­денттерін кеңейтілген отырысқа шақыруға келіскендерін жеткізді. Енді осы екі мемлекеттің басшыларын тыңдайық, деп Нұрсұлтан Әбішұлы алғашқы сөзді Армения Президенті Серж Саргсянға берді. С.Саргсян өзін Еуразиялық экономикалық одаққа қол қою сияқты тарихи мәжіліске және Жоғары Еуразиялық эконо­микалық кеңеске шақырғандары үшін жаңа Одақтың мүшелеріне риза­шы­лығын жеткізді. Мен Кеден одағы мемлекеттері басшыларын ЕАЭО құру сияқты маңызды қадамға аяқ басып отырғандығымен шын жү­ректен құттықтаймын, деді ол. Бұл шарт толып жатқан сарап­шылар мен лауазымды тұлғалардың кедергілер мен келіспеушіліктерді реттеу жолында ұзақ тер төгу арқылы барлық жақтың да мүддесін ескерген мәмілелік шешімдерге қол жеткізген жанкешті еңбектерінің арқасында өмірге келген құжат екені сөзсіз. Әрине, оған қол жеткізу Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында ғана мүмкін болып отырғанын да білеміз, деді ол. Одан әрі Серж Саргсян Арме­нияның ЕАЭО-ға ену мәселесі туралы айтты. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің тиісті ве­домстволары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара келісімді жұмыстарының арқа­сында Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі туралы шарттың жобасы белгіленген мерзімде дайын болды. Осыған орай Кеден одағы елдері басшыларына және Еуразиялық экономикалық комиссия мү­ше­­леріне ризашылығымды білді­ремін, деді ол. Біздің Еуразиялық эконо­микалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға қызығушылық танытуымызға түрлі себептер бар, дей келіп, Серж Саргсян Ар­менияның 2015 жылдың 1 қаң­тарынан бастап ЕАЭО-ға енуі туралы ұлттық бизнес те, халық та толық хабарланғанын жеткізді. Солардың қолдауына сүйеніп және сарапшылық деңгейде 2-3 мәселе ғана толық келісілмегенімен, ымырашыл шешім белгіленгенін айта отырып ол өз елінің ЕАЭО-ға кіру туралы шартқа үстіміздегі жылдың 15 маусымына дейін қол қоюға әзір екенін жеткізді. Одан кейін сөз алған Қыр­ғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаев жиырма жыл бұрын ұсынған идеясының іске асып жатқанын атап өтті. Мен Еуразиялық эко­номикалық одақты бар­лық мүше-мемлекеттердің экономикалық дамуына пайдалы алаң бола алатын тиімді ұйым деп санаймын. Алдымен Кеден одағына ену және келесі кезеңде ЕАЭО қатарына өту Қырғызстан үшін экономикалық саясаттың маңызды бағыты және саналы шешімі болып отыр. Кеден одағына мүше елдер – біздің экономикалық әріптестеріміз ғана емес, ең алдымен рухы жақын, тарихы ортақ халықтар. Біздің арамызда ешқандай тілдік кедергі де жоқ. Бізде ортақ тарих болса, алдағы уақытта болашағымыз да ортақ болады деп санаймын, деді А.Атамбаев. Сонымен қатар, ол прог­рес­шіл интеграциялық қағи­дат­тар қаты­сушы елдердің тұрақ­ты­лығы мен қауіпсіздігін де арт­ты­ратынын атап өтті. Осы мәсе­лелердің шешілуі Қырғызстан халқының ұлттық мүдделеріне сай келеді. Оған Кеден одағының басқа мүшелері де мүдделі. Қырғызстанмен әріптестік қатынастар орнату Кеден одағы мүшелеріне геосаяси артықшылықтарды айтпағанның өзінде, аймақтық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, дей келіп, ол түрлі экономикалық болжамдар мен сараптарға қарағанда Кеден одағына кіретін болса Қырғызстан үшін алғашқы кезеңдер оңай болмайтынын біліп отырғанын жеткізді. Ал қазір Қырғызстан экономикасы күрделі жағдайға қарамай, тұрақты даму жолына түсіп келе жатыр. Сондықтан біз өз проблемаларымызды шешуді ешқашан Кеден одағының басқа мүшелеріне жүктемейміз. Алайда, бізді өндірістің тоқырап, жұмыссыздықтың артуы ғана алаңдатады. Біздің осындай проблемаларымызға түсіністікпен қарап, қолдау білдіргенді ғана қалаймыз, деді А.Атамбаев. Келесі кезекте ол Қырғызстан экономикасын өтпелі кезеңде қолдағандары үшін Қазақстан мен Ресей тараптарына алғысын жеткізді. Ресей тарапымен бірігіп бүгінгі күні Қырғызстанның Кеден одағына өту мәселелерін шешуге қаржылық қолдау біл­ді­ретін қор құру туралы шешім қа­былданғанын айтты. Қырғыз тарабы да ресейлік инвестицияға, қор жұмыстарына қолдау біл­діреді және оны қорғауға кепілдік береді. Кеден одағына өтуде біз әріптестеріміздің және өзіміз­дің экономикамызға тиімді қаты­нас, инвестициялық дұрыс ахуал орнатуды көздейміз, деген Қырғызстан Президенті. А.Атамбаев өзінің сөзін Қырғыз­станның Кеден одағына өтуі ел экономикасының дамуы мен халықтың жағдайы жақса­руына тың серпін беретінін атап өтумен қатар, бүгінгі отырыста Қыр­ғызстанның Кеден одағына өтуі туралы Жол картасына қол қойы­ларына үміттенетінін білдірумен аяқтады. Жаңа жылды біз бір ин­те­грациялық құрылымда қарсы алармыз деген үміттемін, деді ол. Одан кейін отырыс төрағасы Н.Назарбаев күн тәртібіндегі мә­се­лелер бойынша баяндау үшін сөз кезегін Жоғары Еура­зиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенкоға берді. Ол өзінің сөзін Мемлекет басшыларының алдында жатқан кітапқа назар аударудан бастады. «Еуразиялық жобаға – 20 жыл» деп аталған бұл кітап Елбасы Н.Назарбаевтың 1994 жылдың басында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де сөйлеген сөзімен басталып, жиырма жыл бойғы интеграциялық үдерістерді, барлық құжаттарды, фотографияларды қамтып, ақыры Қазақстан басшысының үстіміздегі жылғы сәуір айында сол оқу орнында сөйлеген сөзімен аяқталады екен. Бұл кітап бүгінгі экономикалық одаққа алып келген тірі тарихты паш еткен, деді ол. Одан әрі В.Христенко күн тәртібіндегі мәселелерге ойысып, бірінші мәселедегі ЕАЭО құру туралы шарттың барлық жақпен келісіліп, қол қоюға толық дайын екендігі туралы айтты. Осы уақытқа дейін келісілмеген өнеркәсіптік субсидиялар алу кезіндегі технологиялық операциялар және автомобильдерді өнеркәсіптік құрастыру режімін келісу сияқты екі мәселе бойынша да экономикалық комиссия келісімге келіп, шешімді сіздердің қол қоюларыңызға ұсынып отыр. Сонымен қатар, Одақтың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті тағы 20 шақты құжатты дайындауымыз керек. Біз оларды жылдың басында іске кірісуі үшін қысқа мерзімде дайын етеміз, ал қабылдау үшін қазан айында Минскіде және желтоқсан айында Мәскеуде кездесу жоспарлауларыңызды өтінемін, деді В.Христенко. Екінші мәселе Арменияның ЕАЭО-ға енуі туралы шарттың дайындығы туралы екен. Бұл мәселе бойынша айтқанда, Армения қабылдауға тиісті 126 құжаттың қысқа мерзім ішінде 119-ын қабылдап, қалғандары ымыраға келуге болатын құжаттар болғандықтан, аз уақытта дайын етілетінін жеткізіп, Одаққа ену туралы шартты шілде айында сіздердің қарауларыңызға ұсына аламыз, деді Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы. Ал Қырғызстанның Кеден одағына енуі туралы Жол картасы да дайын екендігі жеткізілді. Оны Қырғызстанның Үкіметі қолдап, Парламенті бекіткен екен. Одан әрі бұл елдің келесі интеграциялық құрылымдарға өтуі де қарастырылатыны жеткізілді. Одан әрі осы екі мәселе бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүше­лері өз пікірлерін ортаға салды. Бірінші сөйлеген Ресей Феде­рациясының Президенті Вла­димир Путин баяндаманы толық қолдайтынын жеткізді. Мені Ар­мения мен Қырғызстанның еуразиялық интеграцияға енуге деген ұмтылысы қуантып отыр. Әрине, бұл ең алдымен олардың ұлттық мүдделеріне сай екендігі сөзсіз. Біз олардың ұмтылысын қолдап, интеграциялық ұйымдарға қосылуына жағдай жасаймыз, деді ол. Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко да мұн­дай ұмтылысты қуана қолдай­тынын жеткізді. Тек біздің шарттарымызды орындаса болды, біз оларды қуана қарсы алуға дайынбыз, деді ол. Күн тәртібіндегі басқа төрт мәселе Экономикалық комис­сия­ның өтінішімен талқы­лау­сыз шешілді. Тек Ар­мения мәселесі бой­ынша Нұр­сұл­тан Әбішұлы бұл елдің ЕАЭО-ға енуі барысында мемлекеттік аумағы БҰҰ-да тір­келген көлемде танылатынын атап өтті. Сіздер БСҰ-ға енгенде де осылай болған, сондықтан әзер­байжан жағының қарсылығын тудыр­мас үшін осындай қадамға бара­мыз. Оның үстіне әзербайжан жағынан да осындай өтініш хат келген. Артынан, шілде айында Арме­нияның Одаққа енуі туралы шартқа қол қоятын болсақ, осын­дай мәселенің бар екендігі ұмы­тыл­масын, деді Қазақстан Президенті өз сөзін Серж Саргсянға қаратып. Ал Қырғызстанның Кеден ода­ғына қабылдану мәселесі ешқан­дай проблемасыз шешіліп, шешімге қол қойы­латын болды. Сонымен бірге, Н.На­зарбаев қол қойылатын Еура­зиялық экономикалық одақ туралы шарттың барлық мемлекеттердің парламенттері тарапынан бір мезгілде ратификациялануын ұсын­ды. Сонда біздің Одағымыз 2015 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап толыққанды жұмыс істейтін бо­лады. Бұл біздің елдеріміз тари­хының жаңа парағы болсын, деді Н.Назарбаев. Осымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өз жұмысын аяқтап, Мем­ле­кет басшылары Еуразиялық эко­номикалық одақты құру жөніндегі шартқа салтанатты түрде қол қою үшін келесі залға өтті. Астана – Еуразиялық одақтың бесігі Жоғары Еуразиялық эконо­микалық кеңестің кеңейтілген отырысы күткендегідей нәтижелі болды. Қорытындысында Қазақ­стан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Фе­дерациясының Президенті Вла­димир Путин және Беларусь Республикасының Президенті Алек­сандр Лукашенко Еуразия­лық экономикалық одақ құру ту­ралы шартқа салтанатты жағ­дай­да қол қойды. Құжатқа қол қою рәсіміне үш мемлекет парла­мен­ттерінің депутаттары, зиялы қауым және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімнен соң Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мәлімдеме жасады. Қазақстан басшысы, алдымен Одаққа мүше үш елдің халқын, осы салтанатты шараға куә болып отырған жұртшылықты Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен құттықтады. Бұл экономикалық одақ болып табылады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз өзіміздің экономикалық мүмкіндігімізді елдеріміз халықтарының әл-ауқатын және тұрмыс-жағдайын өркендету үшін бірлесіп отырмыз. Тарихи құжат – Еуразиялық эконо­микалық одақ туралы шартқа бүгін Астана қаласында қол қойылды. Астана Еуразия құрлығының ортасында орналасқан. Келесі кезекте Елбасы Астана қазіргі заманның ең жас елордасы екенін атап көрсетті. Мұнда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және өзге де халықаралық ұйымдардың саммиттері өтті. Біз ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалудамыз. Қазақстан еуразиялық интеграция идеясының ілгерілеуіне тарихи үлес қосты. Нақ осында ғасыр басында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды, біздің интеграциялық үдерісіміздің барысы мен қарқынын айқындаған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан соң Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың бастамашысы болғанына тоқталды. Астана қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың бесігі болды деп мақтанышпен айта аламыз, деп жалғастырды сөзін Елбасы. Бұл біздің көршілес елдермен достық, өзара әріптестік қарым-қатынастардың жалғасы болады деп есептеймін. Еуразиялық одақ идеясының жария етілгеніне жиырма жыл толды. Оны алғаш рет М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан болатынмын. Осы жылдар ішінде қыруар жұмыстар атқарылды. Бастама Ресей Президенті мен Беларусь Президенті тарапынан қолдау тапты. Бүгін соның нәтижесін көріп, шартқа қол қойып отырмыз. Тек соңғы бес жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88%-ға өсіп, 24 млрд. долларлық мөлшерге жетті. Еуразиялық интеграция жөніндегі серіктес мемлекеттерге біздің экспортымыз 63%-ға ұлғайып, 6 млрд. доллар болды. Бұл абстрактілі сандар ғана емес. Олардың артында жүздеген нақты кәсіпорындар мен компаниялар, қазақстандық, беларусьтік және ресейлік серіктестермен арадағы өзара іс-қимылдың жаңа желілері тұр. Бұл – мыңдаған жаңа жұмыс орындары, тұрақтылық және өзіне жаңа өткізу нарықтарын ашқан Қазақстан бизнесінің табыстылығының өсуі, деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы инте­грациялық ынтымақтастықтың берері мол екенін атап өтті. Президенттің атап өткеніндей, бүгінгі қол қойылған құжат оған қатысушы елдердің экономикасын өркендетеді, сол арқылы кәсіпкерлік дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға Армения мен Қырғызстан да жаңа қадам жасап жатыр, деді Елбасы. Ондағы басты мақсатымыз, әрбір елдің мүмкіндіктерін интеграциялық байланыстар жасау арқылы арттыру болып табылады. Біздің ұлттық экономикамызды құлдыратпау үшін барлық мәселелерді ескеруіміз қажет. Еуропалық одақтың жағ­дайы бізге осыны көрсетіп отыр. Әлемдік экономиканың тұрақ­ты дамуы осындай жаңа мүм­кін­дік­тер ашудан көрінеді. Осын­дай мүмкіндіктерді біз жаңа эконо­микалық одақтан көріп отырмыз. Нұрсұлтан Назарбаев интеграция, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономиканың дамуына қажетті ұзақ мерзімді тұрақты жағдайды және азаматтардың бақуатты өмірі үшін жаңа мүмкіндіктерді білдіретінін атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақты біз жаһандық байланыс­тармен етене жымдасқан, Еуропа мен дамып келе жатқан Азия ареалдары арасындағы берік көпір түріндегі ашық экономикалық қоғамдастық ретінде көреміз. Еуразиялық интеграцияны дамыта отырып, біз заңды кезеңдер – еркін сауда аймағы, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік арқылы батыл ілгерілеп келеміз, деді Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа қол қою арқылы Жер шарының  ең ірі тұтынушылық нарықтарының бірі, энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестіктің құрылуы заңдық тұрғыдан ресімделгенін айтты. Мемлекеттердің тәуелсіздігіне кепілдік беретін негізгі ресурс­тар бұл бірлестіктің өзінде жеткілікті. Осылайша бүгін ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге келді. Ол үлкен қиындықпен құрылды. Ашығын айтайын: біз Еуразиялық экономикалық одаққа көп қиын­дықпен жеттік. Алдымызда жаһан­дық тұрақсыздық жағдайындағы қалыптасу мен дамудың күрделі кезеңі тұр. Интеграция бізге өздігінен керемет өмірге кепілдік бермейді. Жаңа сын-қатерлер мен жаңа міндеттер болады. Біз оларды бірігіп шешуге және баршамыздың күш-жігерімізбен дағдарысты еңсеруге дайын болуға тиіспіз, деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігінде халықтардың тату көршілігінің түбегейлі жаңа үлгісі қалыптасып жатқанын, оған жоғары сенім, берік достық және мемлекеттеріміздің өзара қолдауы негіз болып отырғанын атап айтты.  Еуразиялық экономикалық одақ, ең алдымен, біздің елдеріміздің миллиондаған азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер көзі. Қатысушы елдерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы алғышарттар жасалуда. Еңбек ресурстары нарығы бірігуде, бұл кәсіби деңгейді көтеру мен еңбек өнімділігін арттырудың маңызды факторы саналады. Азаматтар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір мемлекетінде білім беру қызметі мен әлеуметтік инфрақұрылымдарына тең қолжетімділік жағдайлары жасалуда. Ішкі кедергілерді жою қазірдің өзінде мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды күшейтуге, туризмнің өсуіне жақсы ықпал етті. Осы пайданың барлығын азаматтарымыз айқын ұғынып отыр. Бұл еуразиялық ықпалдастық үдерісіне кең ауқымды халықтық қолдау болуда, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті  үш елдің жастарына да сөз арнады. Еуразиялық экономикалық одақ сіздер үшін құрылуда. Ол сіздерге қатысушы елдің кез келгенінде сапалы білім және кәсіби машықты игеруде артықшылық береді. Бүгінгі оқиға біздің елдеріміздің болашағы үшін, бірінші кезекте, жаңа ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер көзін ашады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы қатысушы-мемлекеттердің орталық ве­домство­лары мен үкіметтері жетек­шілерінің, Еуразиялық эконо­микалық комиссия мүшелерінің, сарапшылардың еуразиялық экономикалық ықпал­дастық үде­ріс­терін жүзеге асыру­дағы ай­рықша үлесін атап өтті. Ол ортақ жұмыстың нәтижесі тарихи құжатқа қол қою болғанын айтты. Еуразиялық экономикалық одақ – біздің елдеріміздің мәңгілік достығының, өзара іс-қимылы мен тату көршілігінің берік жаңа тетігі. 29 мамыр біздің елде­ріміздің естелік күнтізбелеріне Еуразиялық ықпалдастық күні ретінде енуге лайықты деп санай­мын. Біздің елдеріміздің халқын, осы рәсімнің барлық қатысушылары мен қонақтарын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен тағы да құттықтаймын, деді Мемлекет басшысы. Өз сөзінде Ресей Федера­циясының Президенті В.Путин қол қойылған шарт экономиканы дамытып, үш ел азаматтарының әл-ауқатын көтеру үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап айтты. Ресей, Беларусь және Қа­зақстан өзара іс-қимылдың мүлде жаңа деңгейіне өтеді: тауарлар, қызметтер, капиталдар мен жұмыс күші еркін қозғалатын ортақ кеңістік құрады. «Үштік» мемлекеттері экономиканың энер­гетика, өнеркәсіп, ауыл шаруа­шылығы және көлік секілді негізгі салаларында келісілген саясат жүргізетін болады. Іс жүзінде біз 170 миллионнан астам халқы бар ТМД кеңістігінде өндірістік, ғылыми және технологиялық әлеуеті зор, табиғи ресурстары орасан мол, ірі әрі бірыңғай нарық құрамыз, деді В.Путин. Ресей Президенті әлемдік экономикада толыққанды халықаралық құқықтық субъектілікке ие және Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидалары негізінде әрекет ететін жаңа экономикалық ұйым пайда болып отырғанын айтты. Ол сауда құрылымын жетілдіру, жоғары технологиялық тауарлар үлесінің артуы, елдеріміздің әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігінің нығаюын қоса қамтитын ықпалдастық үдеріс­тердің өзара тиімділігі қазірдің өзінде іс жүзінде дәлелденіп жатқанына назар аударды. Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко Армения мен Қырғызстанның еуразиялық ықпалдастық үдерісіне қосылуын атап өтті. Өз кезегінде Беларусь келіссөздер барысында қол жет­кізілген  уағдаластықтарды толық жүзеге асыру жолында жүйелі әрі міндетті түрде ілгерілеуге дайын. Шартқа қол қою – осымен бітті деген сөз емес, ол біздің дұрыс қадам жасағанымызды бүкіл әлемге дәлелдеуге тиіс болатын салиқалы үдерістің бастауы. Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі іс-қимылдардың қатысушы-мемлекеттердің өзара саудасына айтарлықтай ықпал ететін мәселелерді шешумен байланысты болғаны жөн, деді А.Лукашенко. Соңында мемлекет басшылары үш елдің жұртшылық өкілдерімен бейресми әңгіме өткізді. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта  халықаралық ұйымдарға тән арқаулық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше-мемлекеттердің сая­си құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан. Бұған қоса, Шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азамат­тары­ның әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған және тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұ­мыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясат жүргізуді қарастырады. Жалпы алғанда, келешектегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай ІЖӨ-нің жиынтық өсімі 900 млрд. доллар көлемінде болатындығымен бағаланып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ теңдік, негізділік, жүйелілік, праг­матизм және өзара тиімділік қағи­даттары негізінде құрылады. Өзекті мәселелер талқыланған кездесу Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев Ресей Федера­циясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Келіссөздер барысында индустрияландыру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі­жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ, халық­аралық күн тәртібінің өзекті тақы­рыптары қаралды. Мемлекет басшылары қол қойылған Еуразиялық эконо­ми­калық одақ туралы шарттың өзекті аспектілері мен елдердің осы бірлестік аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттары жөнінде мәселе қозғады. Нұрсұлтан Назарбаев эконо­миканың маңызды салаларын дамы­туға игі ықпалын тигізіп отырған Қазақстан мен Ресей ара­сындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап көрсетті. Өз кезегінде В.Путин екіжақты қарым-қатынастардың табысты дамып отырғанына тоқталып, жо­ға­ры технологиялы салалардағы өза­ра іс-қимылдың мейлінше бел­сен­дірек болу қажеттігін атап өтті. * * * Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды: – Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкі­меті арасындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласын­дағы сауда-экономикалық ынты­мақ­тастық туралы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама; – Қазақстан Республикасы аумағында атом электр стансасын салудағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ пен «Росатом» МК балама­лы энергетика мен сирек және сирек кездесетін жер металдары өндірісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы бірлескен мәлім­демесі; – Атом энергиясын бей­біт мақ­сатта пайдалану саласын­дағы Қазақстан-Ресей ынтымақ­тас­тығының кешенді бағдарламасы; – Қорасан-1, Ақдала, Оңтүстік Іңкай (4 учаске) кен орындарында жер қойнауын пайдалану мәселелерін реттеу жөніндегі Жол картасы Мемлекет басшылары Еура­зиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою рәсіміне арналған салтанатты концертте болды. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер және бақылаушы елдер басшылары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы концертті тамашалады. Мемлекет басшыларына ұсы­нылған бағдарламаға бес елдің орындаушы өнерпаздары қатысты.
Әлемдегі интеграциялық үдерістер жеке бір адамның немесе топтардың мүддесін көздеу үшін ұйымдастырылған дүниелер емес. Бұлар егеменді мемлекеттердің өзара келісіммен, бір-бірін қолдау, бір-бірінің өндірісіне, сауда айналымына кең рынок ашу үшін, яғни жан-жақты дамуына жол ашатын өте тиімді амал ретінде бүгінгі күні кеңінен қолданылып отырған құрылымдар. Өйткені, мемлекеттер қазіргі заманда бір-бірімен ынтымақтасу арқылы ғана даму жолында жақсы табыстарға жете алады. Интеграция – қатысушы елдердің ішкі және сыртқы дамуына экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүмкіншіліктер тудырады. Соны алдымен экономикасы да, мәдениеті де озық Еуропалық одақ елдері түсінді. Жеке-жеке алғанда Еуропа елде­­­­рінің бәрі де бай, бәрінің де жағдайлары жақсы. Алайда жеке жолмен даму ендігі жерде экономикалық катаклизмдерге жиі ұшырататындығына олардың көздері әбден жетті. Жеке жағ­дай­ла­ры қаншалықты жақсы болса, экономикалық дағдарыс та құрығын соншалықты жиі салып тұрады екен. Өйткені, біртектес тауарлар мен өнімдердің көптігі тұтыну рыногы үшін таласты еселеп арттырды. Мұндайда рынокты бұрынғыдай күшпен тартып алатын даму деңгейінен адамзат өтіп кеткен еді. Сондықтан өзара келісіммен, ішкі-сыртқы рыноктағы сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, әлеуеттер мен мүмкіндіктерді біріктіру, яғни интеграцияның қажет­тігін, өмір­дің өзі көрсетіп берді. Интеграциялық үдерістердің қазіргі таңдағы бір ерекшелігі сол, ол ай­­­мақ­тық деңгейде қатты дамуда. Бұл қор­шаған ортасының табиғаты, адамының ділі, эконо­микасының бағыт-бағдары, мәде­ниетінің өрісі қатты ұқсас көршілес мемлекеттерге ерекше тән деген сөз. Әрине, аймақтық интеграциялық үде­ріс­­­тер бірден қалыптаспай, алдымен белгілі кезеңдерден өтеді. Бұл кезең­дер­дің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алғашқы кезеңдерде түрлі кедергілер еңсеріліп, интеграция құрған елдердің экономикалық байланысының дамуына тиімді жолдар ашылады. Нәтижесінде көптеген аймақтық кешендер құрылып, олар ұлтүстілік органдар арқылы басқарылады. Бүгінгі таңда әлемде 20-ға жуық халықаралық, аймақтық экономикалық бірлестіктер бар. Солардың ішінде Батыс Еуропада құрылып, бүгінгі күні құрлықтың негізгі аумағына тарап отырған Еуропалық одақты (ЕО) және Еуропа Еркін сауда ассоциациясын (ЕСЕА), Солтүстік Америкадағы –Солтүстікамерикалық Еркін сауда ассоциациясын (НАФТА), Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының ассоциациясын (АТЭС), Азиядағы – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассо­циациясын (АСЕАН), Латын Америкасындағы –Латын­америкалық Интеграция ассоциациясын (ЛАЙ) және «Меркосур», т.б. озық интеграциялық құ­рылымдар деп атауға болады. Осы экономикалық интегра­­ция бұрын­ғы мемлекетаралық эко­но­ми­калық ынтымақ­тастықты адамзат тарихының жаңа кезең­ін­­де ғылыми-техникалық про­г­рестің негізінде тереңдеткен үдеріс болды. Оны Еуро­палық экономикалық одақтың үлгі­сінен жақсы көріп отырмыз. Онда халық пен мемлекет өмірінің барлық салалары бұрын ешқашан болып көрмеген көлемде интеграцияланып отыр. Оларда өзара кеден түгіл шекаралық кедергілер де жоқ. Мәселен, Шенген аумағының бір мемлекетіне кірсеңіз, сол аймаққа енетін барлық елдерді еш кедергісіз аралап шығуға болады. Посткеңестік елдер басшылары арасында оның бүгінгі кезеңдегі дамуға аса қажетті үдеріс екенін ең алғашқы болып көре білген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына екі жарым жылдай ғана уақыт өткен 1994 жылдың наурыз айын­­­­­­дағы Мәскеуге барған ресми сапарын­да Елбасы Мәскеу мемлекеттік универ­ситетінің оқытушыларымен және студент­­­те­рімен кездескен еді. Сонда ТМД ел­дерінің одан әрі дамуы үшін өз­ара ин­теграциялық үдерістерді жүргізуі ке­рек­тігі жөніндегі идеясын алғаш рет айтты. – Посткеңестік кеңістіктің дамуы алдағы уақытта екі үрдіспен анықталады деп айтуға болады. Бірін­шіден, ұлттық мемлекеттің қалып­та­суымен және екіншіден, ТМД елде­рінің интеграциясымен. Осының бәрі де заңдылық. Ғылыми-техникалық прогрестің қатты дамып, тұтыну рыногы үшін жанкешті талас болып тұрған жағдайда тек бірлесе отырып қана өмір сүруге болады. Қараңыздар: көпғасырлық мемлекеттілік тарихы бар Батыс Еуропа елдері бірігіп жатыр. Олар әлемдік рыноктың Солтүстік Америка, Жапония, қала берді азиялық «жас жолбарыстардың» арасында қатты бөлініске түскенін көріп отыр, – деген еді Н.Назарбаев. Одан әрі Қазақстан Президенті интеграциялық үдерістерге ТМД елде­рінің ежелден дайын екендігіне тоқталған. – Ал біз, – деді Елбасы, – бұрынғы Одақтан шыққан республикалар, біртұтас қоғамдастыққа тарих және тағдыр жолдары арқылы түрлі дайын­дықтан өтіп келіп отырмыз. Біз байланыс пен басқарудың біртектес пішін­дері мен тетіктеріне иеміз, бізді ортақ діл және басқа да көптеген жайт­тар жақындастырады. Тек біздегі мәселе біреу-ақ, ол – кейбір саяси көш­бас­шылардың және басқалардың да империяның қайтадан өріс алып кетуі­нен от басқандай шошына қорқуы. Бірақ ондайға енді ешкім бармайды ғой. Бұл жердегі әңгіме тек жаңа, тең құ­қықты жағдайдағы ынтымақтастық туралы ғана болуы мүмкін. Алайда дамуы сая­си конъюнктураға да, мем­ле­кеттік шекараға да қарамайтын эко­номиканың объективті заңдарын көруге қорқыныш көшбасшыларға мүмкін­шілік бермей, көздерін жауып тастаған. Осылай дей келіп, Президент Н.Назарбаев: біздің елдеріміздің өз­ара қарым-қатынасын ерікті және тең құқықтық негізде құрылатын мем­­ле­кетаралық бірлестік түріндегі жаңа сападағы деңгейге көтеретін уақыт жетті. Ондай бірлестік Еуразиялық одақ (ЕАО) болуы мүмкін. Ол ТМД-ны құрған қағидаттардан басқа жағ­дайда құрылуы керек. Жаңа бірлестік бірыңғай эконо­микалық кеңістік және бірлес­кен қорғаныс саясатын қамта­масыз ету сияқты екі бірдей маңызды мәселені шеше алатын ұлтүстілік органдардың негізінде құрылуы керек. Сонымен бірге, ішкі мемлекеттік саяси құрылым, егемендікке қатысты басқа мәселе­­­лерінің бәрі бір-бірінің қол сұғыл­­­­май­тын және араласуға болмайтын ішкі іс­­­тері болып қала беруі керек, деген еді. Міне, сол үдеріс бүгінгі күні іске асып, өзі­нің ең соңғы фазасына 2015 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап ен­гелі отыр. Осы уақыттан бастап Нұр­сұл­тан Назарбаевтың тікелей бас­тама­шы­лығымен, белсенді әрекетімен құрыла бастаған Еуразиялық интеграция «Еуразиялық одақ» болып, жетілген интеграциялық құрылым ретінде әркет ететін болады. Әрине, бұл деңгейге жету жолдары жеңіл болған жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың Еуразиялық одақ құру туралы 1994 жылғы ұсынысын ТМД елдерінің басшылары бір­ден қабылдаған жоқ. 1995 жылдан 2000 жылға дейін өзара ын­тымақтасудың оңтайлы жолдарын іздеу істері жалғасып жатты. Жаңа ғасырға аяқ басқызған 2000 жылы ТМД елдері тәуелсіз мемлекеттер ретінде әбден қалыптасып, халықаралық қоғамдастықтың белсенді мүшелеріне айнала бастаған. Оның үстіне экономикада да тұрақтылыққа қол жет­кізіліп, ұзақ жылдар бойы ең­сені басқан дағдарыс еңсеріліп, дамудың оң көрсеткіштеріне қол жете бастады. Бірақ көршілес елдер бір-бірінің дамуына ық­пал ететін интеграциялық құры­лымдар ұйымдастырғанда ғана экономиканың өрістеуіне кең жол ашылатынын білген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыт­тағы белсенді әрекеттерін жал­ғастыра берді. Сол әрекеттердің нәтижесінде 2000 жылдың 10 қазанындағы Астана қаласында болған саммитте Қазақстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан және Қыр­ғ­ызстан мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық қоғам­дас­тық (ЕурАзЭҚ) құру жөнін­дегі келісімге қол қойды. Бұл келісім­де қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тығыз әрі тиімді жүргізудің тұжы­рым­дамасы бекітілген еді. Ал 2001 жыл­дың мамыр айында болған кездесуде қатысушы мемлекеттер басшылары қоғамдастықтың негізгі органдары – ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесі және Интеграциялық комитетінің жұ­мы­сын реттейтін құжаттарға қол қойды. Осыдан кейінгі жылдары қо­ғамдастықтың жұмысын ілгері жыл­­­­жытуға ықпал еткен басқа да құры­лым­дар туралы келісімдер жасалды. 2003 жылдың аяғында ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблеясының жанын­да­ғы бақылаушы мәртебесін алып, халық­аралық деңгейде танылуға қол жеткізді. Қазақстан Президентінің эко­но­­ми­калық интеграциялық құры­лым ұйым­дастыру туралы белсенділігі ТМД-ның еуро­па­лық бөлігіндегі елдер­мен ынты­мақ­тасумен ғана шек­­тел­ген жоқ. Ол Орталық Азия мемле­кет­­­те­рімен де осындай ұйым құру қа­жет­­ті­гін үнемі ұсынып отыр­ған. Соның нәти­жесінде 2002 жылы Орталық Азия ын­ты­мақ­тастығы (ОАЫ) атты жаңа ай­мақтық интегра­циялық ұйым құрыл­ған болатын. Оның құрамына алды­мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбек­стан және Тәжікстан мемле­кет­тері енді. 2004 жылдың қазан айында Өзбек­стан Президенті И.Каримовтің бас­­тамашылығымен оның құра­мына Ресей Федерациясы да шақырылып, толық мүшесі болып енді. Алайда бұл ұйым енді ЕурАзЭҚ-тың толық кө­шірмесі секілді болып қалды. Сон­дықтан, 2005 жылдың 6 қазанында Санкт-Петербургте болған саммитте ОАЫ мен ЕурАзЭҚ біріктірілді. Бірақ бұл ұйым­ға мүше болудан Өзбекстан бас тартты. 2003 жылы Қазақстан Ресей, Бе­ла­русь және Украинамен бірге Бір­тұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды. 2004 жылғы 15 қыркүйекте Астанада болған саммитте осы төрт мемлекет оны құрудың негізгі құжаттарын да бекіткен. Алай­да, Украина билігінің басына 2004 жылдың аяғында В.Ющенко келгеннен бастап бұл ел аталған келісімнен шығуға бет алып, Еуроодақ пен НАТО-ға қосылу саясатын жүргізе бастады. 2005 жылы ЕурАзЭҚ-тың өмірінде белсенді интеграциялық әрекеттер жү­зеге асса, 2006 жылдың қаңтар айында Өзбекстан ұйымға мүше болып енген еді, алайда 2008 жылдың аяғында ол өзінің мүшелігін тоқтататынын жариялады. Осы 2006 жылы Минскіде болған саммитте мемлекет басшылары ЕурАзЭҚ-тың базасында Біртұтас экономикалық кеңістік жобасының шеңберінде Кеден одағын құру туралы келісімге келді. Оған ЕурАзЭҚ-қа енетін бес мемлекеттің үшеуі яғни Қазақстан, Беларусь және Ресей кіруге келісім берді. Келесі 2007 жылы Кеден одағының тұжырымдамасы қабылданып, оның алдағы үш жылда әрекет ететіндігі туралы келісімге қол жеткізілді. Осы жылы осынау одақтың ұлтүстілік органдары да құрыла бастады. Онда Ресей – 57, ал Қазақстан мен Беларусь 21,5 пайыздық дауысқа ие болатыны бекітілді. 2009 жылы Кеден одағының құры­­луына қажетті құжаттардың бәрі қабыл­­­данды. Сөйтіп, 2010 жылдың 1 қаңта­рынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағында ортақ кеден­­дік кеңістік жұмыс істей бастады. Со­нымен қатар, 2010 жылдың 9 желтоқ­санында Қазақстан, Ресей және Бела­русь Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы 17 құжатқа қол қойып, 2012 жылдың 1 қаңтарынан осы үш ел аталған кеңістікке шығатынын мәлім­деген еді. Бұл кеңістіктің жұмысы Бүкіл­әлемдік сауда ұйымының нормалары мен қағидаттарының негізінде жұмыс істейтін болды. Ал оның ең түпкі мақсаты – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап Еуразиялық экономикалық одаққа өту. Әрине, бұл интеграциялық құры­лым туралы кереғар пікірлер де айты­лып қалып жатады. Оған себеп кей­бір ресейлік сая­саткерлер мен жур­на­лис­тер­дің бұл құрылымды Ресей импе­рия­сын қайтадан қалпына келтіру жолындағы әрекет деп бағалауында. Мұндай пікірлердің болуы заңды, өйткені, Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің өзара ынтымақтастықты күшейтіп, экономикалық тұрғыдан биік нәтижелерге жетуіне іштей қар­сыл­ар да жоқ емес, әрине. Олар бұл құрылым тек экономикалық ынты­мақ­тастықты тереңдетуге қызмет етеді деген оның негізгі постулатын қасақана теріс бұрып, оны саяси құ­рылым деп бағалауға құштар. Ал Кеден одағының экономикалық тиім­ді­лігі айдан анық. Мәселен, Кеден одағы құрылмай тұрған 2009 жылы үш мемлекеттің арасындағы өзара тауар айналымы 47 млрд. 135 млн. АҚШ доллары көлемінде болса, Кеден одағы құрылған бір жылдан кейін ғана бұл көрсеткіш 33,9 пайызға артып, 63 млрд. 101 млн. долларға жетті. Ал 2012 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымының көлемі 68 млрд.582 млн. доллар болды…

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары