$ 494.87  520.65  4.91

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ақтау қаласында Маңғыстау және Павлодар облыстарының әкімдері арнайы экономикалық аймақтар мәселелерінде екі өңірдің ынтымақтастық перспективалары жайын талқылады.

Облыс әкімдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға уағдаласты. Әсіресе, бұл кәсіпорын өнімдерін өзара тиімді жеткізуге; Маңғыстау облысының бизнесмендерін Павлодар АЭА аумағына ивестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға тартуға қатысты. 

Ауыл шаруашылығы саласында Маңғыстау облысына картоп, көкөніс, азық-түлік өнімдерін жеткізу ұйымдастырылмақ.

Екі облыста бірлескен жәрмеңке, көрме ұйымдастыруды қолға алу жоспарланды. 

Денсаулық сақтауға саласына қатысты мамандар делегациясын алмасып, емдеу- диагностикалық үрдістің заманауи жетістіктерін игеру көзделді. Білім саласында ғылыми-технологиялық бағыт басымдықтар бойынша инновациялық ғылыми зерттеуді бірлесіп жүргізу жоспарланды.

Екі облыс мәдени мекемелері гастрольдік концерттер, фестиваль, байқау, конференция, семинар, көрмелер өткізуді бірлесе ұйымдастырмақ.

Қол қойылған құжатқа сәйкес экология саласында тараптар экологиялық проблемаларға қатысты мәселелерде тәжірибе алмасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары