$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Украина Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.  

Президенттер  әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар,  Петр Порошенко  Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге украин жағы бастамашылық етті. 

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары