$ 494.87  520.65  4.91

Астанада үш басқарманың басшысы тағайындалды

Бүгін елорда әкімдігінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы өтті.

Күн тәртібінде елорданың қысқы жылыту маусымына дайындығы, қаладағы жол-көлік инфрақұрылымының жағдайы, сонымен қатар, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне туристерді тарту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру реті талқыланды.

Аппарат жиналысы барысында қала басшысы әкімдіктегі бірқатар кадрлық өзгерістер туралы мәлімдеді. Астана қаласы Құрылыс басқармасының басшысы болып, бұған дейін Тұрғын үй инспекциясы басқармасын басқарған Талғат Рысбеков тағайындалды.

Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ерлан Қаналимов тағайындалды.

Ауылшаруашылық басқармысының басшысы болып Әсет Құрманғалиев тағайындалды.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары