Елбасы жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына келді.
Сапар аясында Мемлекет басшысының Президент А.Атамбаевпен кездесуі, сондай-ақ мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде кедендік бақылауды доғару рәсіміне қатысуы жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда Астана Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) кіруі туралы келісімді ратификациялаған болатын.