11.09.2018, 06:22

АҚШ Халықаралық сотқа санкция салатынын ескертіп, доқ көрсетті

АҚШ Халықаралық қылмыстық сот америкалық әскерилердің Ауғанстанда жасаған әскери қылмысын тергеуді тоқтатпаса, онда сот пен оның қызметкерлеріне санкция салатынын ескертіп, доқ көрсетті деп жазады Азаттық.

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон Гаагада орналасқан Халықаралық қылмыстық сотты «есеп бермейді» және АҚШ, Израиль мен басқа да одақтас елдерге «қауіпті» деп атады.

Вашингтонда консервативтік Федералистер қоғамының жиынында сөйлеген Джон Болтон АҚШ әскерилері мен америкалық барлау қызметін Ауғанстанда әскери қылмыс жасады деген күдікпен тергеу «негізсіз және әділетсіз» деп саналатынын мәлімдеді.