17.08.2015, 09:26

Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады

http://www.akorda.kz/

Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында ұлттық компанияға зор жауапкершілік артылатынына назар аударды. Қазақстан Президенті қойылған міндеттердің ауқымдылығын айта келіп, оларды дер кезінде және сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

А.Есімов алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.