Саясат 06.10.2018 сағат 05:59

Қытай билігінің мұсылмандарды қуғындауы Еуроодақтың алаңдаушылығын тудырды

Еуропа Одағын Қытайдың Шыңжаң аймағында адам құқықтарына қатысты ахуалдың айтарлықтай нашарлағаны және этникалық азшылық өкілдерін жаппай ұстап жатқаны туралы хабарлар "қатты алаңдатып" отыр деп жазады Азаттық. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини мәлімдеген.

Қытай билігінің мұсылмандарды қуғындауы Еуроодақтың алаңдаушылығын тудырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазанның 4-і күні Могеринидің атынан Страсбургте оқылған және Еуропа Одағы сайтында жарияланған мәлімдемеде азшылық өкілдеріне арналған "саяси тәрбие лагерлері", жаппай бақылау және шетке шығуға шектеу қою, Шыңжаңға ұйғырларды мәжүрлеп қайтаратыны туралы сенімді ақпараттар алаңдаушылық туғызып отырғаны айтылған.

Еуропа Одағы Қытайды БҰҰ-ның нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі Комитетінің кеңесіне құлақ қоюға шақырған. Комитет биыл тамызда Шыңжаңдағы жағдайды қарап, ол аймақ "тұтқындарға арналған үлкен лагерь тәрізді нәрсеге" айналған деген қорытынды жасаған. Еуроодақ БҰҰ Адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссарының Қытайдың барлық аймағына БҰҰ құқық қорғаушыларының баруын қамтамасыз ету туралы Пекинрге білдірген өтінішін қолдайды. Сонымен бірге барлық елдерді Қытайдағы этникалық азшылық өкілдерінің арыз-шағымдарын аса мұқият қарап, оларды Отанына мәжбүрлеп қайтармау мүмкіндіктерін қарастыруға шақырған.

БАҚ және халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар соңғы айларда әлемдік қауымдастық назарын Шыңжаңдағы жағдайға аударып, ондағы "саяси тәрбие лагерлерінде" түрлі есептер бойынша миллионнан астам адам отырғаны туралы хабарлаған. Құқық қорғаушылар Пекинді Шыңжаңдағы түркітілдес мұсылмандарға қарсы жүйелі науқан ұйымдастырады деп айыптайды.

БҰҰ-ның нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі Комитеті тамыздың ортасында Шыңжаңды "құқығы жоқ аймақ" деп атаған. Қытай делегациясы бұлайша атауға қарсылық білдірген және "саяси тәрбие лагері" деген сипаттамамен келіспей, оларды "кәсіби білім орталықтары" деп атаған.

Кей хабарларға қарағанда, Шыңжаңдағы "тәрбие лагерлерінде" мыңдаған этникалық қазақ отыр. Азаттықта бұған дейін жарияланған материалдарда әлгіндей "лагерьде" болған бұрынғы тұтқындар ол жерді "түрме" деп атап, әкімшілік онда отырған адамдарға қатыгездікпен қарайтыны туралы айтқан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар