21.08.2015, 09:09

Әкім аппаратының жетекшісі 8-ші қабаттан секіріп кетті

alashainasy.kz

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында әкім аппаратының жетекшісі Думан Әзімханов 8-ші қабаттан секіріп кетті.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне аудандық әкімдіктегі дереккөз хабарлаған.

«Қарқаралы ауданы әкім аппаратының жетекшісі Думан Әзімхановтың қазасы бізге өте ауыр тиді. Ол Қарағанлдыда іссапарда жүрген кезінде 8-ші қабаттан секірген», – дейді әкімдіктегі дереккөз.

Бүгінде қызметкердің өз-өзіне қол  жұмсау себептері анықталуда. Әріптестерінің айтуынша, ол  аса ауыр дертке шалдыққанын естіген соң, мұндай қадамға баруы мүмкін. Оған лейкемия диагнозы қойылған.

39 жастағы шенеуніктің артында ұлы мен қызы қалды.