Соңғы 5 жылда елорда бюджеті 1,2 есе өсті (301,8 млрд теңгеден 376,9 млрд теңгеге дейін). Жеке табысы 2,3 есеге артты (77,3 млрд теңгеден 176 млрд теңгеге дейін), деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша, 2015 жылы Астана қаласы алғаш рет мемлекеттік бюджетке 7,5 млрд теңге шамасында ақша аударады.
Қала бюджетінің 32% әлеуметтік блокқа тиесілі (117 млрд теңге). 5 жыл ішінде білім беру саласындағы шығындар 2 есе өсті (46,1 млрд теңгеге дейін). Қаланың білім беру саласындағы мекемелер жүйесіне 80 балабақша, балаларға арналған 11 шағын орталық, 75 мекеп, 2 қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған 1 «Зерде» мектебі, 1 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты, 1 кешкі мектеп, 11 колледж, 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық коррекция орталығы, 2 қалпына келтіру орталығы және 2 коррекция бөлмесі, 1 балалар үйі, отбасылық типтегі 1 балалар ауылы, 1 кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу мен қалпына келіру орталығы, 1 ақпараттандыру орталығы, сонымен қатар, балаларға қосымша білім беретін Оқушылар сарайы мен 12 ұйым бар.
Денсаулық сақтау саласындағы шығындар 5 жылда 1,7 есеге артты (38,8 млрд теңге). Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдар жүйесіне 18 медициналық ұйым кіреді, соның ішінде: 1221 төсек орындық 5 стационар, 6 амбулаториялық-поликлиникалық ұйым (5 поликлиника, 1 ЖҚТБ-мен күрес және алдын алу орталығы); 1 жедел медициналық жәрдем қалалық станциясы, 4 басқа да ұйымдар және 2 медициналық білім беру ұйымы.
5 жыл ішінде бюджеттің ТКШ саласындағы шығыны 84,1 млрд теңгеге дейін өсті (бюджеттің 22%).
Транспаренттілік принципінің негізінде қала бюджеті бекітілген кезде және ары қарай нақтыланған сайын «Вечерняя Астана» мен «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланып отырады. Сонымен қатар, алдағы сессия туралы хабарландырулар мен бюджет туралы мақалалар жарияланады.
Мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырыстарында қоғамның қатысуымен бюджет жобасы талқыланып, мәслихаттың сайтына шығарылады.
ҚР Қаржы министрлігінің 04.09.2013 жылғы № 426 және ҚР ҰЭМ 16.09.2013 жылғы № 282 бірлескен «Азаматтық бюджетті құру мен орналастыру бойынша әдістемелік ұсынымды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы қаланың азаматтық бюджетін жасап, басқарма сайтына қояды. Бюджетті нақтылау кезінде заңнамаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сонымен қатар, Қаржы басқармасы бюджетті орындау бойынша Азаматтық бюджетті құрып, басқарманың сайтына орналастырады.
Бюджеттік заңнама бойынша нормативті–құқықтық актілер өзгерту енгізілген сайын уақтылы басқармалардың сайтында жарияланып отырады.