$ 494.87  520.65  4.91

Ауыл әкімдіктерінің дербес бюджеті болады

Оңтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадамды» халық арасында түсіндіру мақсатында бес ақпараттық-насихаттық топ құрылғаны белгілі. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған топ Сарыағашта  мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.

Басқосуда әңгіме 5 институционалды реформаның 5-ші бағыты бойынша өрбіді. Облыстан келген мамандар есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бағытына қатысты 91,92 және 98-қадамдарға тоқталып, ақпар беріп өтті.

Мамандардың түсіндіруінше, алдағы уақытта мониторинг, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшіріледі.  Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. Ресімдік сипаттағы барлық тапсырмалар мен аралық бақылау таратылатын болады. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.

Сондай-ақ, мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесі құрылмақ. Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен мемлекеттік бағдарламалар саны қысқартылып, салалық бағдарламалар, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жойылады. Стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде қайта пішінделеді.

Жиынға қатысушылардан 98-қадамға қатысты сауалдар  көп түсті. Облыстық ақпараттық-насихаттық топ өкілдерінің түсіндіруінше, селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі.

- Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейтін болады, - деп атап өтті мамандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары