НАТО мен АҚШ Ресей Сирияда әскери белсенділігін күшейтіп жатыр деген ақпараттарға алаңдаушылық танытты.
Прагаға сапары кезінде НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг егер "Ресейдің Сирияға әскери көмек көрсетіп жатқаны туралы хабарлар рас болса, онда Ресейдің Сирия мәселесіне килігуі бұл елдегі соғысты тоқтатуға үлес қоса алмайтынын" мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Реcей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты "ақпараттар рас болса онда ол халықаралық қауымдастықтың қақтығысты тоқтатудағы жұмыстарына кедергі келтіретінін" ескерткен.
Ресей срытқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Лавров "Сирияның біраз жерін басып алған террористік топтарға біріге жауап бергеннің маңызды екенін" білдірген.
Сиряи президенті Башар Асадтың одақтасы Ресей кеше Сирияға ресейлік қару-жарақты жеткізіп, пайдалануға көмектесу үшін әскери мамандарын жібергенін растаған.
АҚШ Башар Асадтың биліктен кеткенін қалайды, деп жазады Азаттық.