Саясат 11.09.2015 сағат 08:15

Қостанай облысына жаңа әкім тағайындалды

Қостанай облысына жаңа әкім келді. Бұл туралы Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Мемлекет басшысының жарлығымен Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов 1972 жылы 6 маусымда Ақтөбе облысы Алға ауданында дүниеге келген. Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - инженер-электрик, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2011 жылғы 22 шілдесінен бастап Ақтөбе облысының әкімі қызметінде болды.

Осыған дейін бұл қызметте Нұралы Сәдуақасов болып келген еді, ол Қостанай облысының әкімі қызметіне 2012 жылдың 20 қаңтарында келген болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар