11.09.2015, 10:18

Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағандай Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Архимед Мұхамбетов Президент жарлығымен Қостанай облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

Б.Сапарбаев Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тумасы. 1953 жылы дүниеге келген. Ол Білім және ғылым министрінің орынбасары, Қызылорда және Оңтүтсік Қазақстан облыстарының әкімі, Кедендік бақылау агент­тігінің төрағасы, Қаржы министрінің орынбасары, премьер-министр кеңсесінің басшысы әрі Парламенттегі өкілі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарған.Ол бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.