Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қаланың жаңа әкімі Базыл Жақыповты таныстырды, деп жазады Today.kz.
Бұған дейін Базыл Жақыпов облыс әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген болатын.
Базыл Жақыпов 1965 жылы туған. 1991 жылы «ғалым агроном» мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтын аяқтады. 2006 жылы «қаржыгер» мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын аяқтаған.
Қостанай облысының мемлекеттік органдарында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2009 жылғы ақпаннан бастап Меңдіқара ауданының әкімі болды. Соңғы лауазымы: облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
Еске сала кетейік, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов қылмыстық істің қозғалуына байланысты үй қамауына алынған болатын.