29.09.2015, 04:55

Беларусь Президенті Батысқа батыл сын айтты

Кеше  қыркүйек айының 28-і күні Беларусь президенті Александр Лукашенко БҰҰ бас ассамблеясының мінбесінен сөйлеген сөзінде  батысқс батыра сын айтып, Таяу Шығыстағы жағдай үшін кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды, деп хабарлайды БелТА.

«Иракта химиялық қару бар деген желеумен бірқатар белгілі мемлекеттер оны демократияландыруға шешім қабылдады. Ал қайда қазір сол химиялық қару? Немесе қайда елдің демократияланып кеткені? Ирактың президенті неге өлтірілді? Жалпы, қазір қайда бұл ел, ирак халқының болашағы қандай болмақ? Енді осы мемлекеттің территориясында тұрып, өмір сүру жеңілдеп кетті ме? Жоқ», – деді Беларусь Президенті.

«Сіздер, осының бәріне кінәлілер, қателесіп кетіппіз дедіңіздер, сонымен бәрін тоқтату керек еді, бірақ олай жасаған жоқсыздар, мұның орнына одан да әріге кеттіңіздер. Енді Тунистен бастап, Ливияда аяқтадыңыздар. Ал сценарийлеріңіз баяғыша. Президент Каддафиді қазыққа қағып, мемлекетті жойып жібердіңіздер. Осыдан Ливия жақсы болып кетті ме? Жоқ. Жалпы, қайда қазір тұтас мемлекет ретіндегі Ливия?», – деп атап өтті белорус лидері.

«Мырзалар, бәлкім, осымен болатын шығар? Жоқ, сіздер енді Сирияға ауыз салдыңыздар. Соған орай «неге» деген сұрақ туады. Неге бостан-босқа жұртты қырасыздар, неге елдің іс басындағы президенті құртуға асығып отырсыздар, ол сіздерге несімен жақпай қалды? Бұған қоса, сіздер қанды қырғын арқылы бұл елдегі сіздер мен біздердің өркенитеміздің алғашқы іздерін жойып жатырсыздар», – деп тоқтады Лукашенко.

«БҰҰ бас ассамблеясының осы мінбесін пайдалана отырып, әлем қауымдастығына енді нені істегілеріңіз келіп отырғанын және қайда қарай ұмтылып бара жатқандарыңызды айтып беріңіздер. Қазір сіздерді тоқататын күштің жоқ екені түсінікті. Бірақ осыншалықты жүгенсіздікті жүзеге асырып жүрген мемлекеттер басшыларының бәрі дінге сенетін, көпшілігі тіпті жұрттың көз алдында құлшылық етіп тұратын адамдар ғой. Сонда құдайдың осының бәрін көріп отырғанын ойламайсыздар ма? Ал ол қашанда әділ. Егер қаһарына мінсе, айыптыларды жазалап тастайды. Сіздердің арандатушылық тірліктеріңіз үшін өз халықтарыңыз жазықсыз жапа шегеді. Мен сіздердің енді тоқтауларыңыз керек деп есептеймін. Кедей елдердің жұрттарын киіндіріп, емдеп, білім алып беруіміз керек. Аш адамдарды тамақтандырыңыздар, балаларды өлімнен құтқарыңыздар, сонда сіздерге де жақсы болады», – деп түйіндеді Александр Лукашенко.