Саясат 11.01.2019 сағат 05:36

Қырғызстан экс-премьері Сапар Исаковқа тағы бір айып тағылды

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі, өткен жылдың маусымынан бері тергеу абақтысында қамауда отырған Сапар Исаковқа мемлекеттік музейлерді қайта жөндеу бағдарламасын тергеу аясында жаңа айып тағылды деп жазады Азаттық.

Қырғызстан экс-премьері Сапар Исаковқа тағы бір айып тағылды
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) мәліметінше, тергеу аясында экс-премьерге «ауыр салдарға әкеліп соқтырған сыбайлас жемқорлық» айыбы тағылған.

Мәліметке сәйкес, 2016 жылы Қырғызстан үкіметі мен Түркияның үйлестіру және ынтымақтасу жөніндегі агенттігі арасында музейлерді қайта жөндеуден өткізу туралы келісімге қол қойылған. Бірақ Түркия «келісімге жоғары лауазымды тұлғалар араласты» деп жұмысты атқарудан бас тартқан. «Келісімге араласқан» шенеуніктер арасында сол кезде Қырғызстан президенті аппаратын басқарған Сапар Исаковтың да аты-жөні аталған.

Осы аптада ҰҚМК Бішкек қаласындағы жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі туралы тергеуді аяқтап, «мемлекетке 111,2 миллион доллар шығын келгенін» анықтағанын мәлімдеген.

2018 жылы 5 маусымда Сапар Исаков Бішкектегі ЖЭС-ті модернизациялау ісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Оған «президент аппараты жетекшісінің орынбасары болған кезде шетелдік компанияның мүддесін қорғады» деген айып тағылған.

Исаков тағылған айыптарды мойындамайды. Ол өзіне қарсы қозғалған істің саяси астары бар деп біледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар