Украина Президенті Петр Порошенко қазан айының 9 күні Қазақстанға келеді деп жоспарлануда.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды.
Мемлекет басшыларының екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылауы жоспарланып отыр.
Сондай-ақ келіссөздер барысында көмір өнеркәсібінде, көлік-логистикалық салада, агроөнеркәсіп кешенінде және басқа салаларда өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастыру шамаланып отыр.
Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенконың халықаралық күн тәртібінің негізгі аспектілері, соның ішінде Минск келісімдерін іске асыру бойынша пікір алмасуы күтілуде.