06.10.2015, 05:29

Қазақстан мен Финляндия сауда-экономикалық мәселелерін талқылады

фото.astana.gov.kz

Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Ленита Тойвакка ханым Қазақстанға сапары шеңберінде ірі фин компанияларының 27 уәкілі делегациясы құрамында Астана қаласына келді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екі жақты бас косуда ары қарайғы қазақстандық-финдік сауда-экономикалық серіктестік мәселелерімен қатар, қалалық инфрақұрылымға қатысты мәселелерде талқыланды.

«Қазақстан мен Финляндияны өзара тиімді серіктестікті бұдан әрі нығайту үшін едәуір мүмкіндіктері бар дәстүрлі игі және жемісті қарым-қатынастар байланыстырады. Мұндай серіктестіктің негізгі көрсеткіші Астана және Оулу туыстас қалалар болып табылатындығы» – деді Әлиев қонақтарға сәлем бере отырып.

Кездесу шеңберінде Нұрәлі Әлиев министр ханымға және фин кәсіпкерлеріне Smart Astana концепциясын іске асыру туралы да, сондай-ақ фин компанияларының «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына тиімді қатысуы мүмкіндіктері жайлы айтып берді.

Әңгіме барысында Нұрәлі Әлиев «шетелдік инвесторларға үлкен қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ мемлекеттік жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсыналатынын» ерекше атап айтты.

Кездесу қорытындысында Нұрәлі Әлиев Ленита Тойваккаға қазақстанның астанасы Астанаға қызығушылық білдіргені үшін алғыс айтты, сондай-ақ Astana Invest 2015 VI халықаралық инвестициялық форумында фин тарапының белсенді қатысуына сенімділігін білдірді.

Еске сала кетейік, Astana Invest 2015 VI халықаралық инвестициялық форумы 2015 жылғы 29 қазанда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өтеді. Аталмыш форум мемлекеттік билік уәкілдері, шетелдік және қазақстандық бизнес-қауымдастықтар арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бірегей мүмкіндік береді.