«Мемлекеттік қызметші 8 этикалық ережені басшылыққа алуы міндетті» дейді Мақтарал ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Н.Қалисаев.
Н.Қалисаев айтып отырған 8 этикалық ереже –сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретін тухани талап.
«Мемлекеттік қызметші билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек; мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек; шенеунік “Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек; заң талаптарымен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды; кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек; қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек; ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек; егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет» дейді Мақтарал ауданының құрылыс бөлімінің басшысы.
Оның пікірінше, осы 8 ереже - мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана. Ол елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің білуіне қажетті негізгі сапаларды атап өтті.
«Бұл туралы Мемлекет басшысы жақсы айтып кеткен. Ол – жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім және де оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы. Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек» деді ол.
Мақтарал ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Н.Қалисаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.
«Кәсіби мемлекет құру Елбасымыздың 5 инстуционалды реформаны іске асырудың 100 қадам Ұлт жоспарында да айқын көрініс тапты. Аталған Жоспардың алғашқы 15 қадамы түгелдей кәсіби мемлекеттік аппарат құруды іске асыруға арналды. 100 қадамды біз бөлім қызметкерлері арасында оқып танысып, үгіт-насихат жиындарын өткіздік. 100 қадам Ұлт жоспарының 13-қадамында сыбайлас жемқорлықпен жұмысты жүйелі жүргізу жөнінде айтылған. Бүгінгі таңда ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмай, оған қарсы күресті күшейту өзекті мәселеге айналып отырғандығы жасырын емес. Бұл әрине, мемлекеттік қызметтің имиджін түсіріп, халықтың барлық мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін жоғалтатындығына ықпал ететіндігі сөзсіз» деді Н.Қалисаев өз сөзінде.
Мақтарал ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты екендігін атап өтті.
«Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды». Бұл сөздерден мемлекеттік қызметкер қоғамға, жалпы халыққа қалтқысыз қызмет етуі тиіс екендігін ұғынамыз. Әрине, халыққа қызмет ету басты борышымыз екендігін біз әрдайым терең сезіне жүріп, мемлекеттік қызмет атқару - баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі жадымыздан шыққан емес. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруды сапалы шешу — біз үнемі жұмыс істейтін күрделі мәселе екенін біз жақсы түсінеміз» деді Мақтарал ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Н.Қалисаев.