07.10.2015, 05:37

Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетпек

Фото.politrussia.com

Жапон үкіметі өзінің жедел кеңесінде премьер-министр Синдзо Абэнің жаңа мерзімге басқарушы партияның лидері болып тағайындалуына байланысты жаңа министрлер кабинетін құруға үшін толық құрамда отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Түске таяу үкіметтің бас хатшысы Жапонияның министрлер кабинетінің жаңа құрамын жариялайды. Кешке жаңа кабинеттің министрлері императордың бекіту рәсімінен өтеді. Аталмыш жағдайдан соң, Синдзо Абэ баспасөз мәслихатын өткізеді. Онда өз кабинетінің негізгі міндеттерін атайтын болады.

Айта кетейік, Синдзо Абэ тағы үш жыл ел үкіметін басқарады.