$ 494.87  520.65  4.91

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру жайы көшпелі кездесуде талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданында «Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» Заң жобасын талқылау бойынша көшпелі кездесу өткізілді.

Кездесуге мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер мен әйелдер кеңестерінің төрағалары мен төрайымдары, жастар  ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен ақпарат құралдарының өкілдері, көп балалы аналар мен мұғалімдер қатысты.

Іс-шара барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Г.Мусабекова «100 нақты қадам»: кәсіби мемлекеттік аппарат құру және «Нұрлы жол» ұлттық жобасын жүзеге асырудың маңызы мен міндеттері»тақырыбында баяндама жасаса,  «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Маманова  «Мәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асыруда отбасы және әйелдер ролі туралы ақпарат  берді.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Есімханов «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі» Заңына енгізіліп жатқан ұсыныстарды талдау және қорытындылау бойынша атқарылып отырған жұмыстардың барысымен таныстырды.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

Осы тақырыптағы іс-шаралар сол күні Сайрам және Түлкібас аудандарында да  жалғасын тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары