07.10.2015, 09:46

Қазақстанға Ресей президенті ресми сапармен келеді

Фото.infozakon.com

Ресей президенті Владимир Путин қазан айының ортасында Қазақстанға іс-сапармен келеді, деп хабарлайды «Азаттық».

Екі жақты кездесуде ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің арасында Домбаровский позициялық ауданынан әуеге зымырандар жіберу кезіндегі өзара іс-әрекет туралы келісімге қол қойылмақ.

Ол зымырандардан бөлінетін бөлшектер түсетін орын ретінде Қазақстан аумағындағы жер учаскесін пайдалану көзделген делінген хабарламада.