С.Қайырбекова Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Бірінші вице-министрінің қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 9 қазанындағы қаулысымен Салидат Зикенқызы Қайырбекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Бірінші вице-министрінің қызметінен босатылды. Естеріңізге сала кетейік, Салидат Қайырбекова 2010 жылдың қазанынан 2014 жылдың тамыз айына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.