$ 444.22  476.38  4.82

Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып 1984 жылы туылған Нұралхан Көшеров тағайындалды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  жас шенеунік  Шымкент қаласының тумасы. 2005 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы парламент мәжіліс депутатының көмекшісі болып бастаған. 2009-2011 жылдар аралығында Қаржы министрлігінің Салық комитеті Салықтық заңнамаларды түсіндіру және жетілдіру басқармасының сарапшысы, Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы Заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2011 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы бойынша Салық департаменті Есіл ауданы бойынша Салық басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Ал 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары