$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев пен Путин экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқлайды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путинмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқлайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

15 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келеді.

«Мемлекеттер басшыларының  Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығын екіжақты деңгейде және Еуразиялық экономикалық одақ аясында талқылауы жоспарланған.Сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылатын болады», — делінген хабарламада

16 қазанда Қазақстанның төрағалық етуімен ТМД Мемлекет басшылары кеңесі өтеді.

Кездесуге қатысушылар террорлық қатерге қарсы бірлескен іс-қимылдың, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің, Достастыққа мүше мемлекеттердің күштік органдары ынтымақтастығының негізгі жайттарын қамтитын тақырыптар топтамасын талқылайды деп жоспарланып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары