$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз экс-президенті Алмазбек Атамбаев 2020 жылғы Парламент сайлауына қатыспақ

«Біздің тізімнің басында Алмазбек Шаршенұлы тұрады», - деп мәлімдеді ҚСДП мүшесі, депутат Әсел Кодуранова.

Оның айтуынша, сайланған жағдайда Алмазбек Атамбаев парламентке бару-бармау мәселесін өзі шешеді. Ол Атамбаев ешқандай мемлекеттік қызметке барғысы жоқ екенін айтып өтті.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының баспасөз конференциясы партия басқаруында жаңа органдардың - 7 комитет пен бір кеңестің пайда болғанына арналған.

Социал-демократиялық партияның төрағасы Алмазбек Атамбаев 2-3 айда партия толығымен жаңарады деп мәлімдеді.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары