$ 444.22  476.38  4.82

Салидат Қайырбекова Ұлттық медициналық холдингке басшы болып келді

Салидат Қайырбекова Ұлттық медициналық холдингке басшы болып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Назарбаев Университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, Салидат Қайырбекова "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқармасының төрағасы қызметіне 2015 жылдың 13 қазанында келген. Бұған дейін бұл позицияда Нұржан Отарбаев болған еді.

 Еске салайық, таяуда Салидат Қайырбекова ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Айта кетейік, Салидат Қайырбекова 2010 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болған еді. Бұл қызметке ол ведомствоның бұрынғы басшысы Жақсылық Досқалиевке қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін келген болатын.

Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметте Салидат Қайырбекова 2014 жылдың тамызына дейін болды. Ал үкіметтің қайта құрылымдалуынан кейін ол денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметіне келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары