15.10.2015, 09:12

Путин және Назарбаев екіжақты қарым-қатынасты және ЕАЭО дамуын талқылауда

Ресей және Қазақстан президенттері  Владимир Путин және Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде Астанада екіжақты қарым-қатынасты және Еуразиялық экономикалық одақтың дамуын талқылауда.

Бұндай тақырыпты Путин шағын құрамдағы кездесуді ашу кезінде Назарбаевқа ұсынды. РФ президенті Қазақстанға келген мемлекеттік сапарының мәртебесі «біздің қарым-қатынасымыздың деңгейі мен сипатын көрсетеді» деп атап айтты. РФ және Қазақстанның өзара қарым-қатынасын ресейлік көшбасшы  «тек сенімділік қана емес, барлық мағынадағы одақтастық қарым-қатынас» деп атады. Путин әлемдік экономика және екі елдің экономикасы күрделі кезеңді бастан кешіріп жатқанына келісті, алайда Ресей мен Қазақстанның тауарайналымы рублдік мағынада өсімді көрсетіп отырғанын айтты. Сондай-ақ  РФ президенті өзара инвестицияның үлкен көлемін атап айтты.

Путиннің айтуынша, екі ел экономикасының дамуына сонымен қатар ЕАЭО жағдай жасайды. «Біз көптеген серіктестерімізден экономикалық бірлестіктер арасындағы қарым-қатынасты дамыту бойынша ұсыныстар көріп отырмыз, олар түрлі жолдармен Еуразиялық одақпен ынтымақтасуға тілек білдіруде», — деп атап айтты РФ президенті. — Осының бәрі біздің талқылайтын тақырыбымыз болады».