29.10.2015, 03:41

Мәди Атамқұлов президент протоколының басшысы қызметіне тағайындалды

Мәди Атамқұлов Қазақстан президенті протоколының басшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет Басшысының Өкімімен Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының президенті протоколының бастығы қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ал Тимур Пірімбетов Қазақстан президенті протоколының бастығы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

«Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің протоколы бастығының орынбасары Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының президенті протоколының бастығы міндетін уақытша атқарудан босатылды», – делінген хабарламада.